Атырау, 24 сәуір 17:52
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Баскетбол бізде мектептер мен жоғары оқу орындарында дамыған»

3 362 просмотра

Атырау облысы мектептік баскетбол лигасы чемпионатының жарты маусымы өтіп кетті. Оның қорытындысы туралы лига директоры Еркін ТӨЛЕГЕНОВ (суретте) әңгімелейді.

- «Isker» мектеп лигасына 6 жыл болды. 2016 жылы лига құрамына Индер ауданының командасы кірді, оларда 10 команда жасақталған, аудан чемпионаттарын өткізіп жүр. Ал 2015 жылы лига құрамын Жылыой және Құрманғазы ауданы толықтырды. Атырау қаласының мектеп лигасы чемпионатына 20 команда қатысты, оның ішінде Исатай ауданы Аққыстау поселкесінен, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылынан және Мақат ауданы Доссор поселкесінің командалары бар. Атырау қаласы үшін командалардың мұндай саны аз, облыс орталығында 54 мектептің бар екендігін ұмытпауымыз керек.

Еркін Қалимұлы Төлегенов, 55 жаста, Атырау мұнай-газ университе-тінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, «Isker» мектептік баскетбол лигасының және облыстың студенттік баскетбол лигасының директоры, Краснодар дене шынықтыру институтының «Скиф» баскетбол командасының 1978-80 жылдардағы ойыншысы, бойы 206 см.

Облыстың барлық ауданы баскетболмен қамтылды. Лига чемпионатында қазан және мамыр айларында 7-8-ші және 9-11-ші сынып оқушыларынан құрылған 50-ден астам команда қатысуда. Турнир жоғары топтарда 10 турдан, кіші топтарда 11 турдан өтуде. Атырау қаласында жарыс жексенбі күндері мұнай-газ университетінің спорт залында өтіп жүр. Бүгінгі таңда командалар чемпионаттың жартысын өткізіп тастады.

Қаңтарда жоғары топта бірінші кезең аяқталады, екінші кезеңде ойынды аудандардағы жарыстарда жеңіске жеткен жеңімпаздар мен Атыраудың екі мықты командасы жалғастырады. Кіші топта екі айналым болады, одан кейін мықтылардың сегіздігі плей-оф ойнайды. Осылайша, жартылай финалда ойнайтын көшбасшылардың төрттігі анықталады. Ал кейін мықты деген екі команда финалда бақ сынайды.

- Қалалық чемпионатта қай командалар көш бастап тұр?

- Жоғары топта №12 (жаттықтырушысы Рустем Төлегенов), №19 (Анатолий Лысяк) және №34 – (Жасұлан Тажибаев) мектеп командалары ешқандай жеңіліссіз келе жатыр. Олар әлі бір-бірімен кездесу өткізген жоқ. Кіші топ бойынша №16 (жаттықтырушы Александр Литвинов) және №19 (А.Лысяк) мектептердің командасы көш басында келеді. Өткен жылы кіші топтар арасында №16 мектеп, ал жоғары топтар арасында №19 мектеп чемпион атанды.

- Облыстық «Атырау барыстары» командасымен өзара қарым-қатынастарыңыз қалай?

- Мектеп лигасындағы әрбір командада «Атырау барыстары» баскетбол командасы академиясында жаттығатын ойыншылар бар. Команданың басқа мүшелері олардан үлгі алуда. Мектеп лигасының матчтары үнемі өткізіліп отырады, балалар бір-бірінен допты ұстау техникасын үйренуде, жаңа матчтардың өткізілуін асыға күтіп жүр.

2016 жылы «Атырау барыстары» академиясының командасы үш жас ерекшелігі бойынша ел чемпионы болды. Жаңа жыл қарсаңында 2000 ж.т. академия командасы ҚР кубогінің иегерлері атанды. Оларды Торғаевтардың бапкерлер әулеті дайындады. Атап айтарлығы, Амантай Торғаевтың кіші ұлы Ерғанат Торғаев аталмыш турнирдің MVP ойыншысы болды.

- Студенттер лигасы туралы айтып өтсеңіз?

- 2016 жылы облыста алғаш рет қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов атындағы студенттер лигасының чемпионаты өткізілді. Оған Атырау қаласының 3 жоғары оқу орны және колледж студенттерінен құрылған 12 команда және Орал қаласының мұнай және газ колледжі қатысты. Бүгінгі таңда 5 тур ойналды, біздің мұнай және газ университетінің командасы көш басында келеді. Оған қоса осы оқу орнының командасы 2016 жылы бірінші рет Ресей студенттік баскетбол Ассоциациясының құрамынан еніп, Ростов-Донда РФ Оңтүстік Федералдық округінің чемпионатына қатысты. Бірінші турдің қорытындысы бойынша команда турнирлік кестенің орта легінен орын алды.

Қазір біз мектеп оқушылары мен студенттерді баскетболмен толықтай қамтып отырмыз. Баскетбол академиясы және шеберлер командасы бар. Атырауда толыққанды баскетбол дамып келеді деп айтуға болады. Жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтиже беруде, ендігі жерде бізге сол қарқынды жоғалтып алмау керек.

Баскетболдан ауылдық мектептерде жаттығулар өткізіп жүрген дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері үшін «Атырау барыстары» командасының жаттықтырушылық штабымен (оны сербиялық Винко Бакич басқарады) жаттығу және төрешілік семинарлар өткіземіз деген жоспарымыз бар.

Студенттер лигасының командасы облыс әкімдігінің жастар саясаты басқармасы мен «Isker» компаниясына қолдау танытқандары үшін алғыс білдіреді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


12 қаңтар 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.