Атырау, 25 сәуір 07:26
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Учаскелік инспекторлар көші-қон қызметкерлерімен бірге пәтер аралайтын болады

4 487 просмотра

Атырау облысында бүгінгі күні 1 117 адам уақытша тіркелуден өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІД көші-қон полициясы басшысының орынбасары Болат ДОСҚАЛИЕВ хабарлады.

Уақытша тіркелгендігін тексеруді бір айдан соң заң күшіне енгеннен кейін, яғни, 7 ақпанда бастайды. Мұны учаскелік инспекторлар көші-қон полициясы қызметкерлерімен бірге тексеретін шығар.

Бұл жұмыстар күн сайын жүргізілмейді. Тек «Мигрант», «Төлқұжат», «Участок» деген сияқты жоспарлы жедел-алдын алу шараларын өткізу кезінде ғана жүргізіледі, деді Б. Досқалиев. – Тіркеусіз тұру уақытын анықтау үшін дәлелдер жинау міндеті әкімшілік кодекске сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жүктеледі. Яғни, олар көршілердің, баспана қожайынының, мейманның өзінің жауаптарын жинауы тиіс. Әуе билеттері, теміржол билеттері дәлел бола алады. Полиция хаттама ресімдеп, әкімшілік айыппұлдар салады.

Бірінші рет заң бұзушы ескерту алады, екіншіде оған әкімшілік айыппұл салынады. Шетелден келушілерге жаңа тіркеу ережесінің ешқандай қатысы жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

11 қаңтар 2017, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.