Атырау, 25 сәуір 16:53
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Шымкентте кафедегі атыс кезінде ер адам мерт болды

Бейнежазба
3 301 просмотра

9 қаңтарда Шымкент орталығындағы атыс кезінде ер адам мерт болды, - деп хабарлайды "Отырар" газеті сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Куәгерлердің сөзінше, бірнеше ер адам кафеде отырған. Кейін араларында жанжал туып, төбелеске ұласқан кезде араларында біреуі оқ атқан.

Куәгерлер бес рет оқ атылғанын естігенін айтады. Кафедегі өзге адамдар полиция мен жедел жәрдем шақырған. Жарақат алып, көз жұмған ер адамның денесін дәрігерлер кафеден бір квартал жерден - Тәуке хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан тауып алған.

"9 қаңтарда 05:20-да жедел жәрдем диспетчері атыс туралы хабарлама алды. Біздің 13-ші бригада оқиға орнына аттанды, - дейді жедел жәрдем дәрігері. - Оқиға орнына жеткен кезде біз оң жақ кеудесінен оқ тиген ер адамның денесін тауып алдық. Келіп жеткенімізде ер адам жансыз жатты". Дәрігерлер ер адамды өлімнен арашалап алуға әрекеттенген.

Мұндай жарақат алған адамның қалайша осынша жер жүріп өткенін полицейлер анықтап жатыр. Көз жұмған 31 жастағы Бауыржан есімді ер адам екені анықталды. Ол Шымкенттің "Сайрам" ауданында тұрған. Қылмыс болған жерде жедел-тергеу тобы мен сарапшы мамандар жұмыс істеп жатыр.

Назар аударыңыз! Бейәдеп сөздер! +18


Дереккөз: Tengrinews.kz

9 қаңтар 2017, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.