Атырау, 19 сәуір 20:22
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстан бірнеше елдің азаматтарына виза беруді оңайлатты

2 276 просмотра

Қазақстан Еуропа Одағы елдерінің, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің және Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Монако мен Сингапурдың азаматтарына визасыз келу тәртібін енгізді. Бұл елдердің азаматтары 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға 30 күн мерзімге визасыз келе алады,- деп хабарлады Азаттық.

Астана бұл өзгеріс "Қазақстанның инвестициялық климатын оңалту және туристік әлеуетін дамыту мақсатын көздейтінін" айтады.

Қазақстан 2015 жылдың 16 шілдесінен бері 19 елдің азаматтарын 15 күнге дейін визасыз қабылдай бастаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

4 қаңтар 2017, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.