Атырау, 24 сәуір 13:58
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі залында Қазақстан туы қойылды

2 747 просмотра

Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі залының алдына Қазақстанның мемлекеттік туы салтанатты түрде қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге Кеңестің келлісөз залындағы және жабық кеңес өткізу бөлмелерінің үстелдеріне еліміздің атауы жазылған тақтайшалар орнатылды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан өкілетттігі басталатын Боливия, Италия, Швеция мен Эфиопия сияқты елдердің де туы мен атауы жазылған тақтайшалары орнатылды. Қазақстан мен аталған елдер Малайзия, Венесуэла, Испания, Жаңа Зеландия және Анголаны алмастырды. Салтанатты шара тұрақты емес бестіктің Кеңестегі жұмысы басталғанын білдірді.

Естеріңізге салсақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бес тұрақты (Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция) және екі жылға сайланатын 10 тұрақсыз қатысушы елден тұрады, оның басты міндеті әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау болып табылады.

Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақсыз мүшесі болуға ниеті жайлы 2010 жылы баршаға жария еткен болатын. Үш жылдан кейін Астана өз үміткерлігін сүйемелдеу бойынша ресми науқанды бастады. Науқан Қазақстанның 2014-2020 жылдарға сыртқы саясаты Тұжырымдамасына негізделеді, оған сәйкес халықаралық ұйымдарға белсенді қатысуы елдің ұлттық мүдделерін қорғаудың және барынша танымалдығын қамтамасыз етудің маңызды құралы, сондай-ақ аймақтық және жаһандық сыртқы саясатының қозғаушы күші болып табылады.

Аталған науқан аясында халықаралық ынтымақтастықтың төрт басымдық салалары - азық-түлік, су, энергетика және ядролық қауіпсіздікті қоса алғанда БҰҰ ҚК-мен байланысты трансұлттық қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан жеке тәжірибесіне қарай отырып, осы салаларға назар аударады.

БҰҰ ҚК мүшесінің уақытша мәртебесінің өзі Қазақстанға басты сыртқы саяси және экономикалық серіктестері ретінде өз маңыздылығын арттыруға, халықаралық келіссөздердегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді, жаңа байланыстарды реттеуге және дәстүрлі байланыстарды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін айта кету керек.

Дереккөз: Tengrinews.kz

1 қаңтар 2017, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.