Атырау, 29 наурыз 19:06
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Өндірістік филиал емес, акционерлік қоғам болады

2 317 просмотра

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның екі өндірістік филиалы – «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» – акционерлік қоғам болып қайта құрылады.

Бұл туралы бізге ҚМГ БӨ бас директорының кеңесшісі Ербол ИСМАИЛОВ хабарлады.

31 қаңтарда Директорлар кеңесінің жиналысында «Өзен-мұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдарына өкілет-тіктердің басым бөлігін беру туралы ҚМГ БӨ менеджментінің ұсынысы мақұлданды. Дегенмен олардың  100%  акциясы ҚМГ БӨ  АҚ тиесілі болады, - дейді Ербол Исмаилов. - Алайда, алдымен берілгелі отырған активтерді тәуелсіз бағалау жүргізілетін болады, тек содан кейін ғана бұл мәселе ҚМГ БӨ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қаралатын болады. Бұл шамамен мамыр айында өткізіледі. 

Бұдан басқа, ҚМГ БӨ АҚ басқармасының кейбір мүшелерінің, нақтылап айтсақ: К. ЕШМАНОВ, Ж. БЕКЕЖАНОВА, А. ӘУБӘКІРОВ, Б. БИСЕКЕН, Т. ХИТУОВ және  Ж. ЖАМАУОВ өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Сонымен қатар, Е. Исмаилов  «АЖ» газетіне екі басқарма мүшесіне қатысты түсініктеме де берді:

- ҚМГ БӨ бас директорының өндірістік мәселелері жөніндегі орынбасары Бағытқали БИСЕКЕН  орталық аппаратта кеңесші болды. Сондықтан да ол басқарма мүшесі болып қала алмайды. Жұмабек ЖАМАУОВ басқарма мүшелігінен өзі басқарған  «Ембімұнайгаз» ӨФ-ның акционерлік қоғам болып құрылуына байланысты босатылды.

Сәния ТОЙКЕН

9 ақпан 2012, 00:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.