Атырау, 20 сәуір 01:14
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау-Маңғыстау пойызы қарға малтығып қалды

3 880 просмотра

Иллюстративті фотосуретБүгін таңғы сағат 5-те Құлсары қаласынан 18 шақырым жерде Атырау-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызы қар күртігіне малтығып қалған. Бұл туралы бізге облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Асылбек ӨТЕҒАЛИЕВ хабарлады.

Пойыз жарты сағат кідірістен кейін Құлсары стансасынан шыққан, бірақ 469-шы теміржол разъезіне келгенде әрі қарай жүре алмай қалыпты. Рельстерді қалың қар көміп тастаған. Ауа-райының қолайсыздығынан апатқа тап болған составпен байланыс нашар болып отыр. Жылыой ауданының әкімдігі жолаушыларға су, ыстық тағам тасымалдауды ұйымдастырыпты. Жолдарды тазартумен 90 адам мен арнайы техникалар айналысуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 ақпан 2012, 23:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.