Атырау, 20 сәуір 14:23
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Экологтар мен полиция іздестіруде

Бейнежазба
3 338 просмотра

Құқыққорғау органдары Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылынан 100 шақырым жердегі «Күмісбек» кен орнындағы қараусыз қалдырылған екі ұңғыма тиесілі «Қолжан Ойл» ЖШС басшылығын іздестіру жұмыстарын жалғастыру үстінде (екі ұңғымадан аққан мұнай жерді бүлдіріп, қоршаған ортаға 800 млн теңгенің үстінде залал келтірген).

Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВТЫҢ айтуынша, бүлінген жерді қалпына келтіру үшін қыруар қаржы керек, ал бұл аудан бюджетінде жоқ.

- Мен облыс бюджетінен қаржы сұрадым, - дейді Б.Шаяхметов. – Бүлінген жерді кімнің қалпына келтіретіні де әзірге белгісіз. Себебі, «Ақ берен» ЖШС ұңғымалардан ағып жатқан мұнайды тоқтату жұмыстарын ғана жүргізді. ЖШС бүлдірген жер көлемі 30 гектарды алып жатса, соның 289 шаршы метрі жері мұнай қалдықтарымен бүлінген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 желтоқсан 2016, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.