Атырау, 19 сәуір 15:30
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстанда мандариндерден «тұмау жұқтыру» туралы тараған жазба теріске шығарылды

2 176 просмотра

Image 0Астана. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ауру жұқтырған мандариндар туралы хабарланатын аудиожазбаның таралуына байланысты түсініктеме береді, делінген комитет хабарында.

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ауру жұқтырған мандариндар туралы хабарланатын аудиожазбаның таралуына байланысты түсініктеме береді. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

Хабарда түсіндірілгендей, тұмау — бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тобына кіретін тұмау вирусы тудыратын тыныс алу жолдарының жіті инфекциялық ауруы. Инфекцияның көзі науқас адам болып табылады.

«Ауру түшкіру, жөтелу, мұрынның бітелуі кезінде ауа-тамшы жолымен жұғады. Ауру тағам арқылы берілмейді», - делінген хабарда.

«Тамақ өнімдері, оның ішінде мандарин тұмаудың көзі және оның берілу факторы болып табылмайды, осыған орай оны пайдалану ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың себебі болуы мүмкін емес», - деп түсіндірді ведомствода.

ТҚҚК ақпарынша, республикада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық деңгейі тіркелуде. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері республикада 200 мыңнан астам ЖРВИ және тұмау жағдайы, оның ішінде 489 тұмау жағдайы тіркелген, 6319 ЖРВИ жағдайы соңғы үш күнде тіркелген. ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі бөлігін 14 жасқа (66,2 %) дейінгі балалар құрайды, жүкті әйелдер 3,5 %.

Ағымдағы эпидемиялық маусымда А (Н3) және В типті тұмау вирустарының ерте айналымы байқалуда.

Сондай-ақ ЖРВИ-мен сырқаттанушылық РС вирус, аденовирус, риновирус, бокавирус, парагрипп, метапневмовирус және басқалары сияқты тұмау этиологиясына жатпайтын вирустармен байланысты.

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында республикада нақты жұмыстар атқарылуда. Эпидемияға қарсы шұғыл шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылығы жағдайына және Қазақстан мен шетелдегі тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазТАГ

26 желтоқсан 2016, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.