Атырау, 28 наурыз 18:37
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Балаларға «базарлық»

2 088 просмотра

Таяу күндері NCOC пен «Аджип ККО» өкілдері облыс жұртшылығына демеушілік көмек және қайырымдылық бағдарламалары шеңберіндегі 16 жобаны тапсыру рәсімін өткізді.

NCOC компаниясының Қашағанның болашақ шикі мұнайының есебінен салып жатқан қомақты капитал кететін әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларынан айырмашылығы, демеушілік жобаларына шығын аз кетеді. Әрине, игі істері үшін екі компанияны да ренжіткіміз келмейді. Бұл жолы көмектер нақты адресаттарына жеткенмен, қалған жобалар консорциум үшін өте ұсақтау көрінеді. Консорциумның акционерлерінің арасында трансұлттық алыптармен қатар өзіміздің ҚМГ компаниясы да бар.

- 2011 жылы консорциум демеушілік көмек және қайырымдылық бағдарламасы аясында құны шамамен 213 млн теңге болатын 104 жобаны жүзеге асыруға демеушілік көмек көрсеткенін мақтанышпен айтқым келеді, - деп атап өтті таныстырылымда NCOC-тің сыртқы байланыс жөніндегі директоры Пьер ДЕЛЬПОН.

Алайда танымал атыраулық үкіметтік емес ұйым өкілі Махамбет ХАКИМОВ бұл оптимизмді бөліспеді.

- Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Атырау және Маңғыстау облыстарына жылына барлығы 1,5 млн доллар қаржы бөлінеді, - деді ол.– Қаржы облыстарға тең етіп беріледі.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА,

суретті NCOC-тің баспасөз қызметі ұсынды

2 ақпан 2012, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.