Атырау, 24 сәуір 03:46
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді

Сурет
4 339 просмотра


Қазір жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа ғимаратында 130-дай пациент ем алуда. Алайда суық түсуіне байланысты олардың саны күрт азаяды, дейді сеніммен емдеу мекемесінің бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВ.

Ұзақ жылдар бойына сақалды құрылысқа айналған денсаулық сақтау нысаны жақын арада ғана пайдалануға берілді. Аурухана қызметкерлері де, пациенттер де көптен күткен жаңа қонысқа өте қуанышты. Бұл аурухана бұрынғы балабақшаның ғимаратында орналасқан болатын. Ол жерде жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарды сауықтыру үшін қажетті жағдай жасау мүмкін емес еді. Бұл жерде олар ауруханаға кіргенде палаталарға жеке әйнек галереялар арқылы барады да, емдеу мекемесінен сауыққан пациенттерге арналған басқа санитарлық маршрут арқылы шығады.

Біз енді өз пациенттерімізді жұқпалы аурулар ауруханасында қабылданған белгілі бір тәртіпке үйретуге тырысамыз. Бізде балалары ем алып жатқан аналар палаталарды аралап, шай ішіп, көп уақыттарын бірге өткізуге үйренген. Бірақ біздің жағдайда бұл дұрыс емес: әр баланың өз инфекциясы бар, ол басқа науқас балалармен араласқанда, олардың да вирустарын жұқтырып алады. Нәтижесінде ем алу ұзаққа созылып, аруханаішілік инфекциялар пайда болады. Осынау келеңсіз процестерді болдырмас үшін пациенттерден бірге бас қосып отыруды тоқтатуды өтінеміз. Оларға мүлдем араласпаған жөн, - дейді М.Құлбасов.

Әр палатада автономды мекендеу үшін жағдай жасалған: санитарлық торап, үстел, орындықтар бар. Оларға тағамды бала күтуші әкеледі. Кейде өткір ішек жұқпасына шалдыққан әлсіз науқасқа туыстары қуырылған шұжық әкелсе, сәлем-сауқат қабылдаудан бас тартуға тура келеді. Өртке қарсы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, электр шәйнектерін палатада қолдануға тыйым салынады.

Естеріңізге салсақ, 180 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының бастапқы жобалау-сметалық құжаттамасын 2004 жылы Алматы қаласындағы «ПТИпищепром» ЖШС институты жасақтаған еді. Құрылыс 2008 жылы басталды. Жер қазу жұмыстары барысында 0,3-0,4 метр тереңдікте гипстің қалың үйіндісі табылып, жобаны түзету қажет болды. Оны тапсырыс беруші 2010 жылы бекітті.

Құрылыс 2011 жылдың тамызында жалғастырылды. Нысанда құрылыс басталған кезден бастап бірнеше мердігер ауысты. Жұмыстарды «Батыс Альянс Строй» ЖШС аяқтады. М.Құлбасовтың айтуынша, компания өз міндеттемелерін толықтай орындады. 180 керует-орынға арналған жаңа ғимараттың өз емханасы мен микробиологиялық зертханасы, сонымен қатар, басқа заманауи жабдығы бар. Аурухана орталық үш қабатты ғимаратқа жалғанған екі қабатты бірнеше жеке блоктардан тұрады. Жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарды оқшаулауға арналған және қажетті санитарлық жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы блок бар.

Автономды қазандық орынжайдағы ауа температурасын реттеуге мүмкіндік береді.

Аурухананың бұрынғы ғимаратын қандай тағдыр күтіп тұрғаны белгісіз.

Ол баяғыда-ақ апатты деп танылды, оны күреу керек деп ойлаймын, ол өзінің қызметін өтеді, - деп есептейді М.Құлбасов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

20 желтоқсан 2016, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.