Атырау, 25 сәуір 16:48
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Марапаттар: әкімнен бастап еден жуушыға дейін

6 967 просмотра

Image 0
Ынталандыру эстафетасы елімізде салтанат құруда: Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Атырау облысының
150-ден астам тұрғыны түрлі марапаттармен марапатталды.

13 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ қолынан жергілікті биліктің пікірінше, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына өз үлесін қосқан 40-тан астам адам «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін алды.

Бұлар соғыс және еңбек ардагерлері Николай ПАНОВ, Қадыр ЖҮСІПОВ, Жұмажан ДОСПАЕВА, Серік МҰХАМБЕТОВ, Рухия БӨЛЕКБАЕВА, Майя ТІЛЕСОВА, Қосыбек ЫРЗАҒАЛИЕВ, Аманжан МҰҚСИЕВ, Галина ЯСЬКО, Рысқали СИСАТОВ, Меңдіғали САППАЕВ, Мереке ҒҰМАРОВ, Бисен ҚУАНОВ, Ұзақбай ТӨЛЕГЕНОВ.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Залимхан ЗУБАРИЕВ, Эльдар АХМЕТОВ, Раиса БЕТКОВА.

Мұнай және газ саласының қызметкерлері: «Қазтрансойл» АҚ Батыс филиалының директоры Жеңісбек ЛҰҚПАНОВ, «ТШО» ЖШС-нің жұртшылықпен және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі бөлімінің директоры Мәрия ҚАРАЖІГІТОВА, «Ембімұнайгаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА, «Sinopec Enginiring (Group) Co., Ltd» қазақстандық филиалы директорының орынбасары Жалғас ТІКЕНБАЕВ, «ИнтергазОрталықАзия» АҚ директоры Байрам ТҰРСЫНБАЕВ.

Құрылыс саласының қызметкерлері: «Эта» ЖШС инженері Гүлшара ДӘУЛЕТОВА, «АтырауСтройПроект» ЖШС-нің инженер-жобалаушысы Галина ГОРБУНОВА, «Строительная группа компаний «Ак-холдинг» ЖШС-нің тас қалаушысы Сәтжан ӨТЕШОВ, «Алматыинжстрой» АҚ бас директоры Серік ОРАЗБАЕВ.

Мемлекеттік қызметкерлер: облыс әкімі аппаратының инспекторлары Роза ҚАМАРИДЕНОВА, Орынша ҚАПАНОВА, Айман НАРЕМГЕНОВА, облыс мәслихатының маманы Бақытжамал МҰХСАНОВА, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлзада ҚАЙЫРҒАЛИЕВА, “Атырау" ӘКК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Тамара АМАН-ТУРЛИНА, облыстық әкімдік ғимаратының әкімшісі мен жүргізушілері Зинеш ХАМИДУЛЛИНА, Асқарбек ЕСҚАРИЕВ және Жалғасбай ҚҰРМАНОВ.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері: «Прикаспийская коммуна» газетінің бұрынғы редакторы Любовь МОНАСТЫРСКАЯ мен осы газеттің редактор орынбасары Наталья ОРАЗҒАЛИЕВА, облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасының директоры мен директор орынбасары Асқар ӘШІМОВ пен Жанар БАЙСЕМІЗОВА, «Шежіре» шығармашылық орталығының директоры Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ, «Хабар-24» телернасының редакторы Виктор СУТЯГИН, облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Саламат САБЫР, «Атырау» газеті редакторының орынбасары Нұрлан ҚАБЫЛОВ. Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз. Ал «ақжайықтықтар» үшін Нұрсая ықшамауданындағы «құқыққорғаушы» басшыларға арналған сәулетті 12 пәтерге айналып кете жаздаған ғимараттың мемлекетке қайтарылып, енді онда «Полиция» деген маңдайшаның ілініп тұрғанының өзі үздік марапат болды.

Мерейтойлық медальдармен төмендегі есімдер марапатталды:

«Жұмбақ» балабақшасының директоры Қамқа АЙТЖАНОВА, «Жүк тасымалы» АҚ Атырау бөлімшесі директорының орынбасары Наурызбай АЙТЖАНОВ, еңбек ардагері Күнғаным АЛМИШЕВА, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия директоры Софья ӘЛІБАЕВА, Атырау қаласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әліпқали БИКЕШ, №2 қалалық емхананың дәрігер-отоларингологы Татьяна БИМАҒАНОВА, Д.Байбосынов атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Алтынай БИСЕНБАЕВА, №24 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Мәрия БИСЕНҒАЛИЕВА, Ф.Досымова атындағы №12 орта мектептің мұғалімі Зульфия БИСЕНҒАЛИЕВА, «Иверия» ЖШС директоры Зураб БОБОХИДЗЕ, облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай ҒАЙСИН, «Сұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі Қалдығыз ДОСЖАНОВА, №1 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің таэквондо бойынша аға жаттықтырушысы Нұрхат ДҮЙСЕМБАЕВ, кәсіпкер Айбар ЖАНИЯЗОВ, Балықшы ауылдық округі әкімінің көмекшісі Алмагүл ЕРМАҒАМБЕТОВА, Атырау әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы Клара ЕРМЕКОВА, «АтырауКонстракшнСервисиз Лтд» ЖШС бас директоры Серік ЕРУБАЕВ, №6 бөбек-бақшасының сурет пәнінің мұғалімі Ләззат ЖАҒЫПАРОВА, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Жайдарбек ЗАЙДУЛЛИН, «Кристалл ЛТД» ЖШС-нің директоры Владимир ЗАВЕРТКИН, Атырау қалалық ТКШ бөлімінің көлік, энергетика және байланыс секторының меңгерушісі Қуаныш ИБРАГИМОВ, «Есқалиев А.» шаруа қожалығының басшысы Аманғали ЕСҚАЛИЕВ, Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу орталығы бөлімінің қызметкерлері Гүлнар НҰРЖАНОВА, Елена ПЕТРЕНКО, Гүлнар ТҰРАШЕВА, Айсұлу ЛҰҚПАНОВА және Шолпан ИСМАҒҰЛОВА, кәсіпкер Бәтима ІЗМАҒАНБЕТОВА, «Арнаулы автобаза» ЖШС директорының орынбасары мен цех бастығы Қиамеден ШМАНОВ пен Жұмабай ИЩАНОВ, «Атырау Жарық» АҚ жүргізушісі Самиғолла ҚАДИКЕШЕВ, Геолог ауылдық клубының би үйірмесінің жетекшісі Гүлнар ҚАРАКӨЗОВА, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сүндеткерей ҚАСАНҒАЛИЕВ, еңбек ардагері Аббат КЕНЖЕҒАЛИ, Атырау кардиология орталығының бас дәрігері Марат ҚОНЫСОВ, еңбек ардагері Молдағали ҚҰМАРҒАЛИ, «жедел жәрдем» станциясының дәрігер-педиатры Рая ҚҰСАЙЫНОВА, еңбек ардагері Жаукен КӨШЕНОВ, Дамбы дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Гүлнар МӘМБЕТОВА, Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы директорының орынбасары және «Камелия» халық би ансамблінің жетекшісі Гүлжан ТАЛПАҚОВА мен Мәдина НИТОКШИНА, «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның электромонтеры және тас қалаушысы Виктор НИТОЧКИН мен Александр ЯЛОВ, Атырау қалалық қаржы бөлімінің бухгалтерлік есеп жүргізу және есеп-айырысу секторының меңгерушісі Ольга НОВАКОВСКАЯ, еңбек ардагері Хамит НҰРҒАЛИЕВ, «Мүгедек әлемі» ҚБ төрағасы Гүлбаршын НҰРЖІГІТОВА, Геолог ауылдық емханасының акушер-гинекологы Жаңыл НҰРЖАНОВА, №1 қалалық орталық кітапханасының кітапханашы-библиографы Дәмеген ОМАРОВА, «Атырау Жарық» АҚ 6-санатты электр слесары Сәрсенғали ОРАЗБАЕВ, «Халыққа қызмет көрсету арнайы бюросы» ЖШС-нің директоры Ольга ПАВЛЕНКО, №17 мектеп-гимназиясының физика мұғалімі Виктор РАССУХИН, №8 «Ақбота» бөбек-балабақшасының тәрбиешісі Дәмелі САБЫРҒАЛИЕВА, «Сабуров 1» шаруа қожалығының басшысы, «Атыраугидрогеология» ЖШС-нің жаңа технологиялар енгізу жөніндегі ғылыми кеңесшісі Едіге САБУРОВ, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Раиса САНАЗАРОВА, Ф.Онғарсынова атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жомарт СӘЛІМОВ, №2 орталықтандырылған қалалық кітапханасының директоры Гүлбарша СЕЙТҚАЛИЕВА, №5 емхананың отбасы денсаулығы орталығының аға ембикесі Бақтыгүл СУЕСИНОВА, №4 емхананың аға дәрігерінің орынбасары Клара СҰЛТАНҒАЛИЕВА, «БатысАльянсСтрой» ЖШС өндіріс жөніндегі директорының орынбасары Гүлжан ТАНАБАЕВА, №43 бөбек-бақшасының медбикесі Ақжонас ТАНАЛИЕВА, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бастығы Шаймерден ТӨЛЕНГІТОВ, «Эра» ЖШС ӨТБ бастығы Мұрат ТҰРҒАНОВ, Тәрбие жұмыстары жөніндегі орталық директоры Айзада ТҮСІПҚАЛИЕВА, №3 емхананың бас дәрігері Айман ӨТЕГЕНОВА, №14 «Нұрай» бөбек-балабақшасының директоры Әлия ШАЛАБАЕВА, «Атырауавто» ЖШС директоры Қайрат ЖҮСІПОВ.

14 желтоқсанда тағы бір марапаттау салтанаты өтті. Айта кету керек, облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Жайық» спорт кешенінде өткен салтанатты шараға 2 мыңдай адам қатысқан. Астанадан келіп үлгерген Нұрлан НОҒАЕВ ("Облыс әкімі «Парасат» орденімен марапатталды» жарияланымын қараңыз) жиналғандарды құттықтады:

- Біз бұрын ата-бабаларымыз армандаған елді құра алдық, бұған мақтануға болады деп ойлаймын.

Әкім «Құрмет», «Барыс», «Парасат» ордендерін, сонымен қатар, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру саласының қайраткерлеріне мерейтой медальдары мен құрмет грамоталарын табыстады.

Марапаттар алғандар:

«Концерн TNS-group» компаниялар тобының президенті Төкен ЖҰМАҒҰЛОВІІІ дәрежелі «Барыс» ордені; «Атырау Жарық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали ҚАРШЕГЕНОВ «Парасат» ордені;

«Құрмет» орденімен марапатталғандар: «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ; «Хан Ордалы Сарайшық» мемориалдық кешенінің директоры Молдаш БЕРДІМҰРАТОВ (Махамбет ауданы); «Медицина» АҚ бас директоры Зәбира ДӘУЛЕТЖАНОВА; дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия-интернатының директоры Нұрлыбек ДАУМОВ; «АтырауНефтеМаш» ЖШС директоры Александр ДОНСКОВ; Елтай ауылдық округінің әкімі Ербол ДҮЙШІМ (Индер ауданы); Құрманғазы ауылдық мемлекеттік мұрағатының директоры Ғаділхан ҚАЛИЕВ; «Қамысқала су арнасы» ЖШС директорының орынбасары Таупих МАШТАХОВ (Исатай ауданы); «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ-ның еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директоры және бұрғылау жөніндегі басқарушы директоры Мәлік СӘЛІМГЕРЕЕВ;

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені: «Доссормұнайгаз» МГӨБ қабаттық қысымды ұстау жөніндегі шебер Қарлыға АЛТЫНАЛИЕВА; «Доссормұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру жөніндегі шебері Жақсыгерей ҚҰБАШЕВ; «Тасшағыл» өндірістік кооперативінің аға бақташысы Есенгелді ҚУАНОВ (Қызылқоға ауданы);

«Сіңірген еңбегі үшін» медалі: «Қазмұнайгаз» АҚ бас директорының кеңесшісі Азамат АКИШЕВ; Исатай аудандық орталық емханасының фельдшері Қадырбек ӘБИЖАНОВ; Атырау облыстық ауруханасының еден жуушысы Болған ӘЖІҒАЛИЕВА ; еңбек ардагері Ұлдай АЙТЕШОВА (Қызылқоға ауданы); М.Әуезов атындағы №4 мектеп мұғалімі Оңай БАЛТОҒАЕВА (Жылыой ауданы); еңбек ардагері Мәдина ҒАБДЫСӘЛІМОВА; Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бөлімінің басшысы Мәрия ЖҰМАЛИЕВА; «Жігермұнайсервис» ЖШС бас директоры Асхат ДҮЙСӘЛИЕВ; Жанбай аудандық әкімі аппаратының бас маманы (Исатай ауданы) Адайбек ЕСЕКЕШ; еңбек ардагері Табылды ЖОЛМАҒАМБЕТОВ (Мақат ауданы); М.Әуезов атындағы мектеп директоры Майсара КИІКБАЕВА; «Тілекші» ЖШС балық аулау звеносының бригадирі Жанболат ҚАРАБАЛАЕВ; «Қазтрансойл» АҚ Батыс филиалының бас инженері Сергей КОРОВИЦЫН; Сарайшық психоневрологиялық интернатының дәрігер психиатры Бақтыгерей ҚАСЫМОВ (Махамбет ауданы); «ЭйЭлСиСи» ЖШС директоры Людмила ЛИ; «Нұр Отан» партиясының Мақат филиалы басшысының орынбасары Әсима МЕҢДАЛИЕВА; Қарабау орта мектебінің мұғалімі Мақсот САРКЕНЖИЕВ (Қызылқоға ауданы); Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының әртісі Гүлмайдан СҮНДЕТОВА; Атырау облыстық кардиология орталығының дәрігері Любовь СЧАСТНОВСКАЯ; «“Атырау" ӘКК» АҚ басқармасының төрағасы Абат ТАСЫМОВ; "Қазақстан темір жолы" АҚ Атырау электрмен қамту дистанциясының директоры Қабибола ТЫНЫМОВ.

«Ерлігі үшін» медалі: «Доссор» Мәдениет үйінің күзетшісі Қуаныш БЕРДЕНОВ (Мақат ауданы); «Шапағат» медалі: үй шаруашылығының патронаттық тәрбиешісі Қалы ҒҰМАРОВА (Индер ауданы); «Атырау. Кішкентай ел» ҚБ жетекшісі Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ; Атырау облыстық ауруханасының аға медбикесі Людмила НЕЙМАН.

Тәуелсіздік мерейтойына орай бюджеттік сала қызметкерлері үшін сыйақы қарастырылған. Облыс бойынша 43 мың адамды ақшалай сыйлықтармен ынталандыруға 3,1 миллиард теңге бөлінді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 желтоқсан 2016, 20:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.