Атырау, 24 сәуір 01:10
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

5 118 просмотра

ЖҮЗУ

Оңтүстік Қазақстан облысының біріншілігінен оралған атыраулық жүзгіштер командасы қанжығаларына 11 алқа салды.

Дамир Алтайұлы брасс бойынша 50, 100, 200 метр қашықтықта чемпион атанып, 200 метрлік кешенді жүзуде «күміс» алқа иеленді. Диар Ғизатов брасс пен еркін стиль бойынша 50 метр қашықтықта екі «алтын» алып, сондай қашықтықта арқамен жүзу бойынша «күміс» алқа алды. Виолетта Шильман 50 метр қашықтықта арқамен жүзу бойынша «алтын» алқаға қол жеткізіп, еркін стиль бойынша осындай қашықтықта «күміс» алқа мен еркін стильде және арқамен жүзу бойынша 100 метр қашықтықта екі «қола» алқа иеленді. Спортшыларды Иван Галкин жаттықтырады.

***

МУАЙ-ТАЙ

Қазан қаласында муай-тайдан Таиланд, Белоруссия, Франция, Канада және Қазақстаннан шамамен 300-дей спортшының басын қосқан әлем кубогі өтті.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде біздің жерлесіміз Ищан Ғалиев ақтық белдесуде Украина құрамасының өкіліне есе жіберіп алды. 51 келіге дейінгі салмақ бойынша бақ сынаған Еламан Саясатов финалда Ресей құрамасының өкілінен жеңіліп, «күмісті» еншіледі. Бұл турнирге қатысқан атыраулық үшінші спортшы Әбіл Ғалиев тайлық спортшымен болған бірінші жекпе-жегінде басым түсті, ал кейін Ресей құрамасының спортшысынан ұтылып қалды.

***

КАРАТЕ

Аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығының бастамасымен 2006-07 және 2008-09 ж.т. мектеп оқушылары арасында WKF-карате-до бойынша облыс біріншілігі өтті.

Жарысқа Атырау қаласы, Мақат, Жылыой аудандарының БЖСМ-нен 120 бала қатысты. Өз жас ерекшеліктері мен салмақтары бойынша Алина Мұхтан, Юсуп Павел, Абылай Мадыханов, Аманбек Қуан, Арсен Меңдібаев және Беймырза Тимурұлы, Михаил Сулиманов, Мидхат Ахмеджанов, Әдиниет Бөкеев, Мұхамад Паринбай және Саян Байдаулеттер жеңімпаз атанды.

***

КҮРЕС

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай №1 БЖСМ-де 2001-03, 2004-08 ж.т. жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық қалалық чемпионат өтті.

Өз салмақ дәрежелері бойынша Дінмұхамед Желеу, Тимур Ибрагимов, Нұрболат Сәлімбаев, Айдос Алтынбек, Арсен Сахипов, Сүндет Базарбаев, Ерсін Берік, Исмаил Қуанышев, Әбу Құспанов және Алмаз Арыстанов жеңімпаз болды. Бас төреші Батырбек Баймұратов.

***

САМБО

Х.Досмұхамедов атындағы АМУ «Жайық» спорт кешенінде ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Қошқарбай Табынбаевты еске алу құрметіне арналған спорттық және жауынгерлік самбодан ІІ халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және Қазақстанның барлық облыстарынан самбошылар қатысты. Атырау облысы құрамасы үш «алтынға» ие болды (Жандос Иманбаев, Бекболат Салықов және Наурызбек Майлашев). Турнир алдында болған баспасөз конференциясында облыстық самбо федерациясының президенті орынтағынан Арман Тоғаевтың ҚР самбо федерациясының тете-президенті болып тағайындалуына байланысты кететіндігі мәлім болды. Облыстық самбо федерациясының президенті болып Алпысбай Аралбаев тағайындалды.

***

ТУРНИРЛЕР

Аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығының бастамасымен 2003-2004 ж.т мектеп оқушылары арасында самбодан және қазақ күресінен, ал 2000-02 ж.т. оқушылар арасында таеквондодан облыс чемпионаттары болды.

Қазақ-күресінен - Батырлан Амангельдиев, Бексұлтан Елеусінов, Әділет Жексенбай, Мирас Құсайынов, Аманқос Ұзақбаев, Оразбек Зинетолла, Ерсін Бекжанов, Мансур Ғалым және Әлішер Жоламанов; самбодан - Айболат Орынғалиев, Нариман Мұқан, Құрманбек Рахметов, Бейбарыс Әділжанов, Нұржан Сарсенғалиев, Әли Ғарифоллаев, Е.Бекжанов, Әбілмансур Ғалым, Райымбек Базарбаев және А.Жоламанов; таеквондо - Бекежан Аманжан, Бейбарыс Нұрбаев, Станислав Сурков, Әлихан Бақытжанов, Жомарт Жамұратов, Фархат Сырымов, Артем Сильханов, Радмир Әбдығалиев, Рамазан Әлібекұлы және Нұрхат Маратұлы, қыздар арасында - Әсел Мақсот, Алина Дадикенова, Әлима Мадхат, Меруерт Серікқалиева, Дильназ Жалғасова, Гүлдана Қалыбай, Нұрай Хұсайынова, Анажан Исатаева және Альмира Төлегеновалар жарыс жеңімпаздары болып танылды.

15 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.