Атырау, 18 сәуір 13:14
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Туған жерден шабыт алған

2 887 просмотра

Атырауда Х.Досмұхамедов атындағы АМУ өнер және спорт факультетінің ғимаратында суретші Отарбай КЕНДІРОВТІҢ «Ұлы дала» көрмесі ашылды.

Көрме ұйымдастырылған акт залына оның 30 жұмысы қойылды. Суретшінің айтуынша, оның жаны табиғат көрінісін салуды қалайды екен. Ол шабыт алу үшін алыс мекендерге сапарламайды, тек жыл сайын өзінің кіндік қаны тамған отаны - Құрманғазы ауданының Асан селосына барса жеткілікті. Міне, дәл осы жерден оның жаңа туындылары үшін идеялар туындайды.

Отарбай Кендіровтің қолынан шыққан туындыларынан күннің жылылығы мен сағым даланың иірімдерін көресіз, ал олар қобыздың қоңыр үні мен жусанның ащы дәмін сездіргендей сезімге бөлейді. Суреттері қазақ ауылындағы өмірдің тыныштығына толы, жүрекке жылылық ұялатқандай болады. Көрмеге келем деушілерге есік ашық.

"ЖС" АНЫҚТАМАСЫ: Отарбай Кендіров 1984 жылы Жезқазған педагогикалық институтының көркем сурет және графика факультетін аяқтаған. АМУ-де бейнелеу өнері және дизайн бөлімі ашылғаннан бері жұмыс істеп келеді. Суретшінің еңбектері АҚШ, Венгрия, Италия және басқа да елдерде жеке топтамаларда сақталуда.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

15 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.