Атырау, 28 наурыз 18:33
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Пекин Трамп мәлімдемесіне "алаңдайтынын" білдірді

2 472 просмотра

Қытай АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың АҚШ-тың Тайваньмен қарым-қатынасын қайта қарайтыны туралы мәлімдемесіне "алаңдайтынын" білдірді,- деп хабарлады Азаттық.

Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Гэн Шуан 12 желтоқсанда Трамптың пікірі АҚШ-Қытай қарым-қатынасына "теріс әсер етуі" мүмкін екенін мәлімдеді. Гэн Шуан (суретте) Трамптың сөзіне қатысты "Қытай мұны қаперіне алды және оған қатысты алаңдаушылық білдіреді. Мен Тайвань мәселесі Қытайдың егемендігі мен территориялық тұтастығына қатысты екенін және Қытайдың негізгі мүдделеріне тиіп кететінін білдіргім келеді" деді.

Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп қарайтын Пекиндегі коммунистік билік өзге мемлекеттердің аралмен ресми байланыс орнатуына қарсы.

АҚШ-та 1979 жылы күшіне енген Тайваньмен қарым-қатынас туралы заңға сәйкес, аралмен экономикалық байланыстар орнатуға болғанымен дипломатиялық қарым-қатынастар қарастырылмаған.

Бірақ Трамп 11 желтоқсанда Fox News агенттігіне "Вашингтон егер Қытаймен басқа мәселелерде, оның ішінде сауда-саттық бойынша келісім жасаспаған болса" онда Пекинмен "біртұтас Қытай" саясатын орындауға қатысты жауапкершілікті сезіне алмайтынын айтқан. "Мен Қытайдың айтқанымен жүргім келмейді"деген Трамп.

Осы айдың басында Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнь Трампты телефонмен президент болып сайлануымен құттықтаған. Пекин Тайвань басшысының бұл әрекетіне наразылық танытқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

12 желтоқсан 2016, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.