Атырау, 19 сәуір 11:27
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Миша Алоян олимпиада жүлдесінен айырылды

2 583 просмотра

Фото: BoxingScene.com

Допинг енді боксшыларға да келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осындай айыппен Рио-де-Жанейро Олимпиадасының 52 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері атанған ресейлік боксшы Миша Алоян Олимпиада жүлдесінен айырылғаны белгілі болды. Оған Халықаралық төрелік соты осылай үкім шығарған. Миша Алоянның қан құрамынан рұқсат етілмеген препараттар табылған. Халықаралық Олимпиада комитеті Алоянның бірнеше рет антидопингтік ережелерді бұзғанын айтқан. Кейін тексеріс кезінде сынамалары оң нәтиже берген.

Ал боксшының бапкері Эдуард Кравцов алдыңғы мәлімдемелерінде шәкіртінің жөтелге қарсы препараттар қолданғанын айтқан болатын. Естеріңізде болса, Рио Олимпиадасының финалында Миша Алоян өзбекстандық Шахобидин Зоировтан ұтылған еді.

Дереккөз: Іnform.kz


9 желтоқсан 2016, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.