Атырау, 25 сәуір 22:15
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қылмыстар хроникасы

2 931 просмотра

Полицияға 40 жастағы Балық-шы тұрғыны шағымданды: 4 желтоқсанға қараған түні Әуезов көшесіндегі кафелердің бірінде үстелден оның сөмкесін ұрлап кеткен. 30 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға 35 жастағы Бірлік поселкесінің тұрғыны хабарласты: 4 желтоқсанда түнгі сағат 3-те Баймұқанов көшесіндегі мейрамханада келушілердің бірі бұзақылық пиғылмен оған дене жарақатын салған. Құлсары қаласының 20 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тергеу жүргізілуде.

***

Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында, 8 қарашаға қараған түні Құрманғазы көшесіндегі телефон кабелін ұрлады деп күдіктелген 20 және 21 жастағы екі жас жігітті анықтап ұстады. Ұсталушылар басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері 4 желтоқсанға қараған түні Авангардтағы үйлердің бірінің ауласында 23 жастағы жігітке дене жарақатын салған 25 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Қалалық №1 полиция бөлімінің (Балықшы) қызметкерлері 25 қарашада Әуезов көшесіндегі супермаркеттердің бірінен мүгедек балаларға арналған жәрдем ақшалар салынған жәшікті ұрлаған үш күдіктіні ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға Томарлы ауылының 63 жастағы тұрғыны шағымданды: 4 желтоқсанда оның үйінде шкафта жатқан бүкіл ақшасы – 39 мың теңгесі ұрланып кеткен. Ұрлады деген күдікпен қарияның туысы болып келетін 33 жастағы ауылдасы ұсталды.

8 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.