Атырау, 28 наурыз 21:17
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Назарбаев Атырауға Қашағанды іске қосу салтанатына келді

Сурет
3 219 просмотра

7 желтоқсанда Қашаған жобасы ресми түрде іске қосылды. Атырауға онжылдықтың басты оқиғасына президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ келді.

Ол 4 нысандағы – Қашаған, Болашақ, «ҚазТрансОйл» мен «Каспий Тұрба құбыры Консорциумы» нысандарының бірінен соң бірінің іске қосылуын Салтанат сарайынан телекөпір форматында бақылады. Содан кейін ірі шетелдік инвесторлармен кездесті.

Қыркүйек айында энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВТЫҢ рұқсатымен нысанның «ақырын» іске қосылғаны белгілі.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2016 жылдың 1 қарашасында Қашағанда мұнай өндіру коммерциялық деңгейге шықты (тәулігіне 75 мың баррельден астам мұнай). Қазіргі кезде мұнай өндіруді арттыру және оны тәулігіне 180 мың баррель деңгейінде тұрақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жыл аяғына дейін 1 млн тоннаға дейін мұнай және 680 млн текше метрге дейін газ өндіру, 2017 жылы – 8,9 млн тонна мұнай және 5,6 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Одан кейінгі жылдары жылына 13 млн тоннаға дейін мұнай және 9 млрд текше метрге дейін газ өндіру жоспарланған.

Сонымен қатар, баспасөз хабарламасында әлеуметтік жауапкершілік аясында Консорциумның Атырау және Маңғыстау облыстарын әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамытуға 500 млн АҚШ долларынан астам қаржы салғаны хабарланады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

7 желтоқсан 2016, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.