Атырау, 18 сәуір 19:43
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Ресей АҚШ-пен Алепподан көтерілісшілердің кетуіне қатысты келіссөз өткізеді

2 575 просмотра

Ресей билігі АҚШ-пен Алепподан сириялық көтерілісшілердің толық тастап шығуына қатысты келіссөз жүргізетінін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Оппозицияшыл көтерілісшілер соңғы апталарда үштен екі бөлігін үкімет армиясы басып алған қаладан эвакуация жасау идеясын қабылдамай тастаған. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөзіне қарағанда, Вашингтонмен келіссөз Женевада 6-7 желтоқсанда өтеді. Оппозициялық кейбір көтерілісшіл топтарды қолдайтын АҚШ билігі келіссөзге қатысты әзірге комментарий жасаған жоқ.

"Алеппоның шығыс жағынан кетуден бас тартатын қарулы топтар террористер деп саналады. Біз оларға террористер және экстремистер сияқты қараймыз және Сирия армиясының ол қылмыстық топтарға қарсы операцияларына көмектесеміз" деп мәлімдеді Лавров.

Көтерілісшілер кез-келген эвакуацияны дереу қабылдамай тастады. Алепподағы басты көтерілісшіл топтардың бірі "Нуреддин әл-Зинки" тобының өкілі Ясер әл-Юсеф France Press агенттігіне мұндай ұсыныстардың қабылданбайтынын айтты. Көтерілісшілердің тағы бір өкілі Закария Малахифджи Reuters агенттігіне "Патриотизм мен жауапкершілік сезімі аз ғана болса да бар парасатты адам өз қаласын тастап кетпейді" деді.

Дереккөз: Аzattyq.org

6 желтоқсан 2016, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.