Атырау, 29 наурыз 20:01
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Матаевтардың апелляциялық шағымы бойынша шешімді 9 желтоқсанда шығармақ

2 732 просмотра

Фото: Sputnik

Астанада бүгін қалалық сотта Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевтың сот үкіміне апелляциялық шағымын қарау жалғасты,- деп хабарлады Азаттық.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгінгі сотта Матаевтардың адвокаттары, қоғамдық қорғаушылары, жәбірленуші тараптар мен айыптаушы тараптардың өкілдері сөйледі. Матаевтар бүгін де сот отырысына қатыспады.

Матаевтардың адвокаттары мен қорғаушылары бүгін де сотта апелляциялық сот алқасынан үкімді өзгертіп, журналистерді босатуды сұрады.

Жәбірленуші тараптар - ақпарат және коммуникация министрлігі мен "Қазақтелеком" компаниясының өкілдері адвокаттардың жылжымайтын мүлікке қатысты берген талап-арыздарын қанағаттандыруды қолдамайтынын білдіріп, үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Прокурорлар сот үкімін өзгертуге еш негіз жоғын, іске қатысты барлық дәлел-айғақтардың дұрыстығы алғашқы сот инстанциясында зерттелгенін, Матаевтарға шыққан үкімнің заңды екенін айтты. Судья Алма Есімова тараптардың уәждерін тыңдаған соң шағымға қатысты шешім шығару үшін сотта 9 желтоқсанға дейін үзіліс жариялады.

3 қазанда Астананың Есіл аудандық соты Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты "қаржы жымқырды" және салықтан жалтарды" деген айыптармен 6 жылға соттаған. Ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаев "қаржы жымқырды" деген айыппен бес жылға сотталған. Үкім бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне - 169 миллион теңге, "Қазақтелеком" компаниясына 140 миллион теңге қайтаруы тиіс болды. Бұдан өзге, үкімде Матаевтардың жылжымайтын мүліктері (бірнеше пәтер мен жер телімдері), оның ішінде Ұлттық баспасөз клубы мен бірнеше көліктері тәркіленетіні айтылды.

Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды және істі "тапсырыспен жасалған" деп біледі.

Бұған дейін ЕҚЫҰ, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі, Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) Матаевтардың сотталуын айыптап, Қазақстан үкіметін барлық азаматтың ой-пікір еркіндігін білдіру құқығы мен заңды тұрғыдан қорғану құқығын құрметтеуге шақырған.

Дереккөз: Аzattyq.org

6 желтоқсан 2016, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.