Атырау, 19 сәуір 13:08
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Әлия Мергембаева «Әлем аруы - 2016» байқауынан шығып қалды

2 123 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Әлия Мергембаева «Әлем аруы - 2016» байқауынан шығып қалды. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм аккаунтында хабарлады.

«Қайырлы түн, достар! Бүгін біз Үздік жиырмалыққа енген арулардың шығармашылық байқауын тамашаладық. Бәрі өте қызықты өтті, расымен де біздің қыздар өте сұлу әрі талантты», - деп жазды Әлия.

«Әлем аруының бұл кезеңіне өттіңіз бе?» деген оқырман сұрағына Әлия: «Өкінішке орай, өткен жоқпын», - деп жауап берді. Үздік жиырма ару арасынан ТОП-10 құрамына Польша, Венгрия, Латвия, Моңғолия, Чили, Хорватия, Мальта, Филиппин, Украина және Канададан келген қыздар енді.

Еске сала кетсек, «Қазақстан аруы - 2015» Әлия Мергембаева «Әлем аруы - 2016» байқауына дайындалу үшін Вашингтонға келді. Қыздың айтуынша, дайындықтар таң атпастан басталып, шығармашылық тапсырмаға баса көңіл бөлінеді. Қазақстандық қатысушы ұлттық аспап - домбырада ойнаған. Дайындықтың алғашқы күні ұйымдастырушылар қыздарды қызыл, ақ және көгілдір түсті үш топқа бөлген. Әлия Моңғолия, Венесуэла, Мальта, Шотландия аруларымен бірге қызыл топқа түскен.

Дереккөз: Іnform.kz

6 желтоқсан 2016, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.