Атырау, 25 сәуір 19:31
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

ЕО: Өзбекстан сайлауы басқару реформаларын жалғастыра беру қажетін көрсетті

2 130 просмотра

Еуропа Одағы (ЕО) Өзбекстанда Шавкат Мирзияевтің аса тартысты емес, бәсеке тым төмен болған президент сайлауында жеңіп шығуы бұл елде реформаларды жалғастыра беру қажеттігін көрсетті деп мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

"Өзбекстан билігі бұл кемшіліктерді жоюы тиіс және Еуропа Одағы бұған көмектесуге дайын" делінген ЕО бас хатшысының 5 желтоқсанда таратқан мәлімдемесінде.

5 желтоқсанда бұдан ертерек ЕҚЫҰ сайлауда "шынайы бәсеке болмағанын" және "сайлаушылар баламалы көзқарастарды естіп, таңдауға мүмкіндігінен айырылғанын" мәлімдеген.

ЕО Өзбекстанда "сайлау қарсаңында кәдімгідей реформалар басталып, әсіресе бизнес жүргізу жағдайын, сот жүйесін, еңбек шарттарын жақсарту, әкімшілік жауапкершілік пен коррупциямен күресті күшейтуде біршама шаралар жасала бастағанын" айтады.

ЕО "Өзбекстанды демократиялық тұрғыдан басқару, экономикалық және әлеуметтік дамуды нығайту үшін бұл реформалар жалғасуы тиіс" дейді.

Өзбекстанда 4 желтоқсанда өткен мерзімінен бұрын президент сайлауында ресми есеп бойынша премьер-министр әрі президент міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияев 88,6 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен.

Дереккөз: Аzattyq.org

6 желтоқсан 2016, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.