Атырау, 29 наурыз 03:44
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ақтауда ұялы телефоннан кішкентай сәби қайтыс болды

3 100 просмотра

Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда болған. Жеті айлық қызды тоқ соғып қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz cfqns "Мой город"-қа сілтеме жасап.

Әйел адам жеті айлық қызымен ұйықтауға жатқан, жанына ұялы телефонын қуаттауға қойған. "Бала оянып кетіп, электронды құрылғымен ойнай бастаған. Ол тоқты тісімен шайнап, артынша тоқ соғуы мүмкін. Баланың ата-анасы өздері ауруханаға алып келген, алайда сәби ол кезде қайтыс болып кеткен", - деді қайғылы оқиға болған отбасының таныстары.

Облыстық балалар ауруханасында нәрестенің тоқ соққанынан қайтыс болғанын растап берді. Дәрігерлердің айтуынша, кішкентай қызды сенбіде таңғы уақытта алып келген. Өкінішке орай, дәрігерлер қыздың қайтыс болып кеткенін айтуға мәжбүр болған.

Әлеуметтік желінің қолданушылары кішкентай қыздың тоқ соққан қолының суреттерін жіберіп жатыр.

lada.kz ата-анасының сәбиді ауруханаға өлі күйінде алып келгенін хабарлайды.

Дереккөз: Tengrinews.kz


5 желтоқсан 2016, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.