Атырау, 19 сәуір 02:43
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"«Оппозиционерлер болмаса, президентке керегім болар ма еді?»", "ОПЕК мұнай бағасының көтеріліп, теңгенің нығаю бағытында әрекет жасады. Ары қарай не болар екен?", "Ислам Каримовсіз өткен президент сайлауы"

2 092 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Оппозиционерлер болмаса, президентке керегім болар ма еді?»" - Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісі және Грузиядағы Қазақстан елшісі Ермұхамет Ертісбаев 90 жылдардағы билік пен оппозицияның текетіресі, сайлаудағы бұрмалау мен биліктің жер мәселесіне келгенде есебінен жаңылғаны туралы пікірлерімен бөлісті.

"Ислам Каримовсіз өткен президент сайлауы" - Өзбекстан азаматтары желтоқсанның 4-і күні президент сайлауына дауыс берді. Елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің орнын үкімет басшысы Шавкат Мирзияев басады деген болжам басым.

ZHASALASH.KZ. "Қазақты арабтандыруға құлшынатындар пейiшке жетектеп апармайды" - “Қай ұлттың болсын ана тiлi, ата дәстүрi, салт-санасы – сол халықтың өзiндiк қадiр-қасиетiн, жан дүниесiн, тұрмыс-тiршiлiгiн көрсететiн төл белгiлерi. Олар – бүкiл бiр халықтың өмiр жолында ғасырлар бойы мысқалдап жинаған рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ардақ-мұрасы. Онсыз қара шаңырағы бар iргелi ел болып, бүтiн ұлт болып қалу мүмкiн емес. Ана тiлi, ата дәстүр өзiнен-өзi жалғаспайды немесе бiреу сырттан келiп сен үшiн көсегеңдi көгертiп сақтап та бермейдi. Халықтың өз бет-бейнесiнен айы­рылуы не сақтап қалуы – әрбiр ұрпақ өкiлiнiң өзiнен кейiнгi iзбасарларына бабалар аманатын қай сапада жеткiзуiне байланысты".

"Ескерткiш қоя алмай әлек" - Бұл тақырып бұрын да қозғалған. “Шымкентте президент Назарбаевқа ескерт­кiш қойылады" деген әңгiме соңғы 4-5 жылдың көлемiнде айтылып келе жатыр. Ес­керткiштi алтыннан жасау туралы ұсынысты кезiнде “Жас Алаш" газетiне берген сұхбатында “Қазақ хандығы" қорының президентi Камалидин Дулатов мәлiмдеген едi. Парламенттегi депутаттар Астанаға Н.Назарбаевтың атын беремiз деп, арнайы декларация қабылдап жатқан кезде бұл әңгiменiң шетi тағы шықты.

365INFO.KZ. "Амангелді Айталы: Орыс тілінің өктемдігін тек қазақы намыс жеңе алады" - Осыдан бір-екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев — қазақ тілі Қазақстан халқын топтастыратын күш болу керек деген еді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл тамаша бастама әлі күнге дейін сөз күйінде қалып отыр. Неге?

ABAI.KZ. ""Алтын домбыраны" неге "тауықтар" алады?" - Бізде барлық жағдайдың, қамқорлықтың, сый-құрметтің эстрада фанерщиктері мен айтыскерлерге ғана жасалатыны несі екен?! Əу бастан қазақтың киелі домбырасының иесі əнші мен күйші емес пе еді?

"Желтоқсан-86 : жаным – арымның садағасы" - Осыдан 10 жыл бұрын Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арнап жазылған мақаланы Абай ақпараттық порталының оқырмандарының назарына ұсынамыз.

KORRESPONDENT.KZ. "Бензин «безгегі» тағы басталды" - Жылдағы дәстүрінен жаңылмаған жанар-жағармай «жыры» және басталды. Ерте көктем мен қара күзде қыр көрсететін қымбатшылық қараша айының аяғын ала бере тағы келді. Құстар келіп, кететін осы екі мезгілде бензиннің «безгегі» ұстайтынын қарапайым халық та біліп қалған. Берік Тортаев есімді «Фейсбук» қолданушысы біраз жылдан бері бұл үрдістің үздіксіз жалғасып келе жатқанын айта отырып, әлі талай көктем мен күз келетінін, демек, әлі талай қымбатшылық қылкеңірдектен алатынын қынжыла отырып жазыпты.

BAQ.KZ. "Айтыстан мән, сөзден дәм кете бастады" - Алатаудың етегіне елді жиған «Алтын домбыра» айтысы аяқталды. Екі күнге созылған аламан айтыстың алғашқы күнінде қала басшысы Бауыржан Байбек мырза қатыспады. Іс сапарда болыпты. Десе де айтыс өз деңгейінде өтті. Жылдың қорытынды айтысына сайланып келген жиырма ақын өз баптарында екендіктерін көрсетті.

TURKYSTAN.KZ. "«Барби» баскесерге айналса..." - Сандық интернет-технологиялардың адам өмірінің барлық саласына енуі тұрмысымызды жайландырып, қимыл-қозғалысымызды жеңілдетіп қана қоймай, өмірімізге төнетін қауіп пен қатерді көбейтті. Бүгінде хакерлер әмияндарды босатып қана қоймай, адамды қарапайым нан пештің көмегімен-ақ өлтіруге қауқарлы. «Ақылды үйлер» мен ұшақтар, астымызға мінген темір тұлпарлар қауіпті қақпанға айналып барады. Ешқандай заң-закон адамды өз қолымен жасалған технологиялардың тәлкегінен құтқара алар емес.

DALANEWS.KZ. "Біз неге шүкіршілміз?" - Қазір жиі еститін сөзіміз «шүкір» болды. «Бұл күнімізге шүкір» деуді дағдыға айналдырдық. «Шүкір» мен «тәубеге» қарсы емеспіз, бірақ оның да шегі, жөн-жосығы болмас па еді… Меніңше, біз осы «шүкіршілдігіміз» арқылы өзіміздің көнбістігімізді, жалқаулығымызды, мінезсіздігімізді ақтап алғымыз келетін секілді.

ҚАЗТАГ. "ОПЕК мұнай бағасының көтеріліп, теңгенің нығаю бағытында әрекет жасады. Ары қарай не болар екен?" - Алақай! ОПЕК-ке мүше елдер әйтеуір мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімге келді-ау. Күтілгендей-ақ, мұнай котировкалары шарықтап шыға келді. Мұнайдан соң шикізаттық валюталар да нығая бастады, оның ішінде теңге де бар. Бірақ, алда не болады?


5 желтоқсан 2016, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.