Атырау, 24 сәуір 00:15
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​38 жер телімі заңсыз берілген

4 429 просмотра

Атырау қалалық прокуратурасы қалалық жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғаларының жер телімдерін заңсыз бергенін анықтады.

Жерді беру кезінде ҚР Жер кодексінің 102-бабы 3-тармағының Қазақстан Республикасының азаматтарына бағбандықпен айналысу және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, ауылдық елдi мекендердiң жерiнен және босалқы жерінен беріледі») талаптары сақталмаған.

- Жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғалары өз әрекеттерінің заң нормаларына қайшы екенін әдейі біле тұра, Атырау қаласы Водозаборный аумағынан 4 жер телімі мен Атырау қаласы-2 шағын ауданынан 34 жер телімі үшін таңдау және келісім беру актілерін заңсыз шығарып алады. Сөйтіп, 38 жер теліміне барлық уәкілетті органдардан келісім алынған және қалалық жұмысшы комиссиясының қарауына жіберілген, - дейді Атырау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Еркебұлан ЕРМЕКОВ. – Тексеру кезінде 38 жер телімі бойынша жинақталған құжаттардың белгісіз жағдайда жоғалып кеткені анықталды, ал оларды дайындаған лауазымды тұлғалар жұмыстан шығып кеткен. Нәтижесінде прокуратураның ұсынысымен қалалық әкімдіктің 38 жер телімін бөлу жөніндегі комиссияның қорытындыларының күштері жойылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 желтоқсан 2016, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.