Атырау, 24 сәуір 02:32
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Келімсектен келген кесір

2 075 просмотра

Атырау облысында жыл басынан бері ВИЧ жұқпалы дертіне шалдыққан үш адам анықталды.

- ВИЧ жұқпалы ауруы екі әйел және бір ер адамнан табылды, -деп әңгімелейді ВИЧ/СПИД-пен күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр ОМАРОВА.  Олардың үшеуі де 30-дан 49 жас аралығында. Ер адам жергілікті тұрғын, ал, әйелдер болса, Өзбекстаннан келгендер. Қазір эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде, дегенмен, бір әйелдің тәуекелділік тобына жататындығын нақты айта беруге болады, өйткені, ол жыныстық қызмет көрсетумен айналысады.

Өткен жылы облыста ВИЧ-жұқпалы дертін жұқтырған 17 жағдай тіркелді: олардың 10-ы жергілікті тұрғындар болса, жетеуі шеттен келгендер.

Гүлнәр Омарованың айтуынша, өткен жылдары жұқпалы індет инъекция әдісі бойынша тараса, кейінгі жылдары жыныстық жолмен таралуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

1 ақпан 2012, 19:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.