Атырау, 28 наурыз 21:11
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«ІІД-9» ісі: Бас куәгерді тергеу абақтысында жоқ қыла ма?

4 318 просмотра

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы әріптестері Манарбек ӨТЕУОВТІҢ «әшкере» хатынан кейін қылмыстық іс қозғалған 9 полицейге қатысты процесс жалғасуда.

Айта кету керек, биылғы жылдың мамырында Өзбекстан азаматын өлтіргені үшін және бірқатар қылмыстар жасағаны үшін қатаң режимдегі колонияға 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған Өтеуов қазір жұртшылық назарында. Осы процесс қарсаңында Өтеуовтің туыстары УГ-157/1 режимдік мекемесінің (Атырау тергеу изоляторы, сот болып жатқандықтан бұрынғы лейтенант осы жерде қамауда отыр) басшылығына қатысты шаралар алу өтінішімен сотқа шағымданған болатын. Олар бұл жерде оны сол «хаттан» бас тартуға мәжбүрлеп, аяусыз азаптап, ұрып-соғатынын растап отыр. СудьяДәуренбек ДАУМОВ өтінішті жазбаша түрде әкелуді ұсынып, содан соң Өтеуовтен оның жағдайын сұрады. Ол нашар екенін айтып, содан соң арқасын беріп, шалбарын шешті де, көгерген жерлері мен жарақаттарды көрсетті.

Кезекті отырыста ол тағы да сот залына қарауылмен жеткізілді. Алайда оның селқос күйде екендігі көрініп тұрды. Түстен кейін оның жағдайы нашарлап кеткен соң, оны қолтықтап алып кетті. Бұдан кейін Өтеуовтің мүддесін қорғаушы адвокат Балжан ҚҰСПАНОВА процесті тоқтатып, шұғыл арада өз қорғалушысын жеке дәрігерге қаратуға апару керектігі, дәрігерге қарату шығындарын туыстары төлейтіндігі туралы өтініш білдірді.

Судья кеңесу бөлмесіне шығып кетіп, көп кешікпей өз шешімімен оралды. Өтініш қанағаттандырылмады. Оның айтуынша, бұл мәселе – УГ-157/1 мекемесінің медиктері мен басшылығының құзырында екен. Даумов мемлекеттік айыптаушыға сотқа Манарбек Өтеуовтің жағдайы туралы медициналық қорытынды ұсынуға тапсырма берді.

Келесі отырыс 5 желтоқсанда өтеді.

Марат ТАКУЛИН

2 желтоқсан 2016, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.