Атырау, 28 наурыз 19:14
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Бұрыштама бәсекелестік ортаның қолында

2 170 просмотра

Медициналық кітапшалар бойынша жұмысқа рұқсат беру шаралары жуық арада бәсекелестік ортаға беріледі. Демек, енді рұқсат беруші бұрыштаманы тиісті лицензиясы бар кез-келген медициналық мекеме соға алады,-деп хабарлады Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Тимур Сукашев.

- Бұрын қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы ғимаратының жанынан жиі-жиі кезекке тұрған адамдар легін көретінбіз. Олардың бірі зертханаға анализ тапсырса, енді бірі санитарлық кітапшасына жұмысқа рұқсат беру бұрыштамасын соқтыру үшін тұратын, -дейді Тимур Ідірісұлы.  – Енді ондай кезекке тұру деген болмайды. Жеке медициналық кітапшалар бойынша жұмысқа рұқсат беру шарасын уақытша еңбекке жарамсыздық және кәсіби жарамдылыққа (медициналық тексеру) сараптама жүргізуге лицензиясы бар денсаулық сақтау мамандары жүргізетін болады. Сондай-ақ, бәсекелестік ортаның құзырына санитарлық минимумнан өткізу міндеттері де кіреді. Ал тұрғындардың декреттелген тобын аттестациядан өткізу міндеті санитарлық-гигиеналық оқытуға тиісті лицензиясы бар ұйымдардың жауапты мамандарына жүктеледі.

Тамара Сухомлинова

1 ақпан 2012, 19:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.