Атырау, 25 сәуір 03:00
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Онлайнмен ажырасу оңай ма?

5 941 просмотра

1 қаңтардан бастап электронды үкімет порталында «Неке бұзуды тіркеуге өтініш беру» деп аталатын жаңа қызмет енгізілді. Бұл туралы бізге облыстық әділет департаментінің бөлім бастығы Қымбат ҚУАНОВА хабарлады.

Бұл қызмет бүкіл Қазақстан аумағында қолданылады. Онлайн режимінде некені бұзу кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі кезінде жүзеге асырылады.

Алайда 2008 жылдың 1 маусымынан кейін некеге тіркелген азаматтар ғана ғаламтор арқылы ажыраса алады. Өйткені ақпараттық жүйеде тек осы уақыттан бастап қиылған некелер туралы ғана деректер бар.

Егер неке бұзу кезінде әдеттегі тәртіппен ерлі-зайыптылардың ортақ арызы, олардың жеке бастарын куәландыратын құжаттар, неке туралы куәлік ұсынылса, онда электронды үкімет порталына өтініш берер кезде өз ЖИН-ін енгізіп, өтінішті электронды сандық қолтаңбамен растаса жеткілікті. Азаматтар қате мәліметтер ұсынған жағдайда оларға дәлелді түрде қабыл алынбайтындығы туралы ақпарат жолданады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 ақпан 2012, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.