Атырау, 29 наурыз 16:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қауесеттерді кім таратады?

2 758 просмотра

Image 0

Бала ұрлауға әрекет жасалғандығы туралы кезекті үрейлі әңгімелер интернетке таралып кеткен. Ата-аналардың жүрегін мұздатқан осынау хикаяны Атырау тұрғындары бір біріне WhatsApp арқылы таратуда.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада WhatsApp арқылы 24 қарашада үстіне қызыл күрте киген жас жігіттің №21 мектептің 3-сынып оқушысын ұрлауға әрекет еткені туралы сілтеме ақпараттар тарады. Бала сабақтан үйіне қайтып келе жатқанда, «Рахат» ауданындағы үйлердің бірінің подъезінде оған ер адам тап берген. Қыз бала сытылып шығып, мектепке қарай кері жүгірген. Сол жерден әкесіне қоңырау шалыпты. Рас, кейін полициядағылар бұл ақпаратты растамады.

- Тексеру кезінде бұл факт расталмады. №21 мектеп оқушыларының ата-аналарынан мұндай арыз түскен жоқ, мектептің өзінде де бұл оқиға туралы ешкім ештеңе естімеген, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Ал енді өзін №5 мектептің оқу ісінің меңгерушісімін деп таныстырған Гүлнара Кассенова дегеннің атынан жаңа сілтемелер пайда болды. 29 қарашада қаскөйлер ұл баланы ұрлауға тырысқан. Мектеп ауласында ата-аналарын күтіп тұрған балаларға бір әйел адам жақындап келіп, Аяз атадан сыйлық алу үшін өзімен бірге баруға үгіттей бастаған. Екі қыз бала барудан бас тартқан, ал ұл бала сеніп, ереді. Қыздар жылап, барма деп айқайлай бастаған. Осылайша өздеріне адамдардың назарын аудартады. Ересектер олардың айқайын естіп, әйелдің соңынан жүгіреді. Ал әлгі әйел баланы тастап, қашып кеткен. Бұрышта оны көлік күтіп тұрыпты. Хабарлама балалармен осындай тақырыпта жиі сөйлесіп тұру керек және ықтимал қауіптер туралы ескерту қажет деп аяқталған.

Әрине, балалармен сөйлесу керек, бірақ бұл хабарламаны тексеру үшін мен №5 мектепке қоңырау шалдым. Оқу ісінің меңгерушісі Айгүл МӘДИКЕШЕВАНЫҢ айтуынша, оларда Гүлнара Кассенова деген қызметкер жоқ екен. Балалар мен ата-аналардың ешқайсысы мектеп әкімшілігіне мұндай жағдай туралы хабарламаған. №5 мектептің ата-аналарынан полицияға да арыздар түспепті.

Кімнің және неліктен мұндай қауесеттерді тарататындығы түсініксіз. Бірақ егер іс жүзінде осындай жағдай орын алса, қала тұрғындары сенбей, бала мен қасқыр туралы ертегідей, көмек қолын бірден созбауы мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 желтоқсан 2016, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.