Атырау, 24 сәуір 20:49
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Мұз қатып үлгерген жоқ

2 637 просмотра

Суық түскен кезде Махамбет ауылына қарасты «Өткел» елдімекенінің тұрғындары бастарын қауіп-қатерге тігіп, мұзы қатып үлгермеген өзен арқылы жаяу өтуге мәжбүр. Өйткені, паром жүрмейді, ал сол жақ жағалауға қалай болғанда да жету керек. Соңғы мәлімет бойынша, мұздың қалыңдығы сегіз сантиметр шамасындай.

Көпір құрылысын 2017 жылдың қарашасында аяқтауға уәде беріп отыр. Ал әзірге осылай амалдауға мәжбүр.

- Қазір қараңғылық ерте түседі, қас қарайғанда өзеннен өту аса қауіпті. Сондықтан келесі жағалауға қараңғы түскенше жетіп алуға тырысамыз, - дейді «Өткел» тұрғындары.

Күн сайын О. Шонаев атындағы орта мектеп пен Д.Төленов атындағы ұлттық гимназияның 18 оқушысы мұздан өтіп, қатынап оқиды, оның 11-і бастауыш сынып оқушылары.

- Мұз дұрыс қатқан жоқ, әлсіз. Көлікпен қатынауға қатаң тыйым салынған. Біз қауіптілігін ескертіп, жағалауға арнайы белгі қойғанбыз. Мұздан жаяу өтетін оқушылар үшін көлік шығармақпыз. Көлік балаларды сол жақ жағалауда күтіп тұратын болады. Ал көпір құрылысы біткен кезде «Өткел» ауылы тұрғындары үшін арнайы автобус шығаруды жоспарлап отырмыз, - дейді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мәлік АМАНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.