Атырау, 24 сәуір 20:25
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Үйлеріне қоныстана алмай отыр

2 577 просмотра

Махамбет селосындағы Мерей және Шаттық ықшамаудандарынан жер телімдерінің берілгеніне 11 жыл болғанымен, көп адам баспана салуға асықпай отыр. Себебі, коммуникациялар мәселесі толық шешілмеуде.

Аудандық әкімдіктің мәліметі бойынша, Шаттық ықшамауданынан 852, ал Мерей ықшамауданынан 1 400 адам жер теліміне ие болған. Осы уақыт ішінде тек 45-і үй салып, қоныстанып алған.

Бұл ықшамаудандарда газ жүйесі бар және кейбір учаскелерге электр желілері тартылған. Бірақ, жер қожайындары бәрібір қоныстануға асығар емес.

- Мен үйімді салып қойдым. Енді ток, су, газ құбырларының қашан жүргізілетінін күтіп жүрмін. Мен сияқты қоныстана алмай жүрген адамдар көп, - дейді ықшамаудан тұрғындарының бірі.

Ал қоныстанған тұрғындар әзірге үйлерін көмірмен және қимен жылытуда.

Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мәлік АМАНОВ бұл жағдайға қатысты былай дейді:

- Мерей және Шаттық ықшамаудандары үшін газ тартудың жобалау-сметалық құжаттамасы 647 млн теңгеге жасалып, сараптамаға жіберілді. Ал электрмен қамту желісі бойынша жобалау-сметалық құжаттама сараптамадан өтті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 желтоқсан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.