Атырау, 20 сәуір 12:01
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Жер митингілері» туралы іс бойынша сауалнамалар нені көрсетті?

3 370 просмотра

Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты үкім жарияланып, екеуіне бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. 8 қарашадағы біздің azh.kz сайтындағы сауалнамамызға («Қалай ойлайсыздар, Макс Боқаев пен Талғат Аянов кем дегенде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылады ма?») сүйенсек, оған қатысқан 1208 адамның көпшілігі (69%) «иә» деп жауап берген, 19%-ы бұған сенбеген, 12%-ы жауап беруге қиналған.

Көріп отырғанымыздай, сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі сот шешімінің күні бұрын шешіліп қойғандығына сенімді. Көпшілігі қателеспеген. Айыптау тарапының сотталушылардың ҚР ҚК-нің 174-бабының 2-тармағы («Әлеуметтік алауыздықты тудыру») және 274-бабының 4-тармағы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша кінәлі екендігін дәлелдей алмағанын көріп отырмыз. Бірақ бұл маңызды болмады.

Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа шығарылған үкім ел азаматтарының көпшілігіне биліктің «үйлеріңде тыныш отырыңдар, әйтпесе қамап тастаймыз, барлық мәселелерді біз өзіміз шешеміз, ал сендерді керек болған кезде ғана шақырамыз» деген халыққа жолдауы секілді қабылданды. Мұнда тың ештеңе жоқ секілді, соңғы 20 жылда бізде осылай қалыптасқан, шыдап келдік қой. Алайда бұл жолы Атырауда митингке және Қазақстанның басқа қалаларында наразылық акцияларына шыққан адамдар мұны Отан қорғау, қазақ халқының мүддесі, ел тәуелсіздігіне сырттан және іштен төнген қауіппен байланыстырып, қарап отыруға болмайды деп ұйғарды. Әлбетте, Атырау сотының үкімі шыққаннан кейін адамдардың өздерінің ойлары дұрыс екендіктеріне сенімдері нығая түсті.

2016 жылдың 21 мамырында шыққан тұрғындардың жүздері есімізде. Олар алаңды қоршап алған полицейлерді, бұрын-соңды көрмеген бронды кеудеше мен каска киген көп адамдардың алаңға жақындағандардың барлығын ұстап алып жатқандарын көрді. Осы «жасақ» болмағанда бәлкім алаңға бес, он, бәлки, жиырма мың адам келген болар еді. Бірақ бұлар бүлікшілер, төңкеріс жасаушылар немесе тонаушылар емес, елінің тағдырына алаңдаған заңға бағынатын азаматтар еді. Сол кезде, 21 мамырда өз қалаларында пайда болған жағымсыз әскери күшке қарап, олар өздеріне: «Құрып кетсінші бәрі... мені енді сайлауға шақырмай-ақ қойсын» деді де, үйлеріне тарасты. Ал дүйсенбі күні жұмыстарына шықты.

Бірақ біреулерге бұл аз көрінді. Тергеулер, содан соң Макс пен Талғатқа қатысты сот басталды. Кез-келген есі дұрыс адам жағасын ұстап, шошынатындай «әлде бір сыра зауыты қожайынының ақшасына мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді, қылмыстық пиғылда алауыздық тудырғысы келді, бәрін алдап, төңіректі қиратқысы келді» деген қисынсыз айыптауларға сендіруге тырысты. Ең бастысы – заң бұзбайтын және елінің тағдырына алаңдаған мыңдаған ел азаматтарын өздерінің ақымақтығынан митингке шыққандығына немесе митингке шыққылары келгеніне иландырғысы келді. Осынау жүйелі түрде орын алған азаматтық сезімді кемсітушілік, қорлау және үрейлендіріп ұстау әрекеттерін басымыздан кешірсек те, әрі қарай да осылай өмір сүре беруге тура келеді. azh.kz сайтындағы соңғы сауалнама Сіздің болжамыңыз, жағдайға берер бағаңыз: «жер митингілері» туралы іс бойынша сот үкімі әділетсіз болған жағдайда (көптеген азаматтық белсенділердің пікірі бойынша) Атырау облысында рұқсат етілмеген наразылық митингілері мен пикеттер болуы мүмкін бе?») жауап берушілердің көпшілігінің (50%) ешқандай наразылық акциясы болмайды деп есептейтінін көрсетті. 13%-ы жауап беруге қиналған, тек 36%-ы ғана наразылық сипатындағы әлдебір құбылыстар болуы мүмкін деп есептейді.

«АЖ» редакциясы

29 қараша 2016, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.