Атырау, 29 наурыз 00:37
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі шықты

2 871 просмотра

Жібек Мусинова (оң жақта) адвокаты Айман Омаровамен бірге басынан өткен оқиға туралы айтып тұр. Астана, 24-қараша, 2016-жылЕсік қаласындағы Еңбекшіқазақ аудандық сотында бүгін тұрғын Жібек Мусинованы топ болып зорлау ісіне қатысты сот үкімі жарияланды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Сот бұл іске қатысты төрт адамды қылмыстық кодекстің "Адам зорлау", "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", "Адам ұрлау" және "Бұзақылық" баптары бойынша айыпты деп тапты. Айыпталушылар Асхат Бектұрсын - 10 жыл, Елтай Нұрбол - 9 жыл, Алмас Ермеков - 9 жыл алты ай, Ербол Ермеков 8 жылға сотталды. Сот іс материалы бойынша салонында зорлық қылмысы іске асты делінген көлікті тәркілеуге қаулы шығарды,- деп хабарлады Азаттық.

Үкім жарияланған соң сот залында жанжал туды. Сотталушылардың туыстары сот процесін түсіріп тұрған видеооператорларға тап берді. Операторлардың бірін жерге жығып, Жібек Мусинова мен оның адвокаты Айман Омарованы тілдеді. Полиция қызметкерлері жанжалға кейінірек араласып, сотталушылардың туыстарын тоқтатты.

Сотталушылардың адвокаты Андрей Иванников сот үкімінен соң үкімге келіспейтінін және оған апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Гүлбадар Мусинова қызы Жібек Мусинованы 14 тамызға қараған түні Есікте төрт адамның зорлағанын айтып, қылмысты тергеуде көмек көрсетуді сұрап видео үндеу жариялаған.

Жібек Мусинова топтасып зорлауға ұшырады деп болжанған биылғы тамыздың 14-іне қараған түнгі оқиғаны жергілікті баспасөз құралдары «резонансты қылмыс» деп атаған. Полицейлер төрт күдіктіге қатысты қылмыстық істі бойжеткеннің анасының видеоүндеуінен кейін ғана қозғаған, ал қылмыстық іс журналистердің назарына ілікті.

Бұл іс бойынша сот 19 қазанда басталып, жабық түрде өтті. Сотталушылардың жасы - 22-29 жас аралығында.

Дереккөз: Аzattyq.org

28 қараша 2016, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.