Атырау, 18 сәуір 08:36
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Aртикль19: «Оң болжам жасай алмаймыз»

5 881 просмотра

Атырауда Aртикль19 халықаралық құқыққорғау ұйымының Орталық Азиядағы өкілі Рината АЛИБЕКОВА болып, үш күн азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ сот процесінің барысын бақылады.

- Рината, сіз бұл сот процесінің барысын қалай бағалайсыз?

- Бірінші кезекте мұндай істерді қарау барасында мынаны ескеру керек: мұны құқыққорғау ұйымдары көп жыл бойы қайталап отыр – Қазақстанда митингілер мен ой еркіндігін білдіру туралы заңнама ратификацияланған, яғни, орындауға міндетті азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактіге сай емес. Қағаз жүзінде бұл құқықтар бар да, бірақ, іс жүзінде оларды жүзеге асыру бізде қиын. Азаматтық қоғам митингілер туралы заңды өзгертуге бір емес, бірнеше рет тырысқан, әрекеттенген, соның ішінде рұқсат етілген митингілердің өткізу тәртібін, хабардар етілген митингілерге өзгертуге. Халықаралық құқықтық құжаттарда билік органдары митингілерге рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқықтары жоқ, митингілердің бастамашылары оларды өткізу туралы хабардар ете алады, онда да митингілерге қатыспайтындар мен бейбіт жиынға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін деп көрсетілген. Бейбіт жиынның мәнісі мемлекеттік билік органдарына келіспеушілікті немесе наразылықты жеткізу болып табылатынын және азаматтарға бейбіт жиын өткізу құқығын жүзеге асыратын орталық алаңды ұсынған қисынды болар еді деп сан рет ескертілген болатын. Десек те, Қазақстандағы тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл құқық өте шектеулі болып қалуда.

Аянов пен Боқаевтың процесі туралы: белсенділердің әлеуметтік желілерде жазғаны бар, митингіде сөйлегені және телефон жазбалары бар алты дискі бар. Және менің пікірімше, араздықты тудыру немесе көрінеу жалған ақпаратты тарату фактілерін дәлелдейтін ештеңе жоқ. Одан басқа, митингі өткізуге рұқсат сұрап, әкімдікке жазған екі өтініштің өзі белсенділердің заңды бұзбас үшін бар мүмкіндікті жасағанын аңғартып отыр.

Қорғаушы тарап тергеу органдары жіберген заңбұзушылықтарды атады. Менің білуімше, заңбұзушылықтар көп, бірақ, мен соның ішінде аудиожазбалар мен телефон әңгімелері стенограммаларының қайшылықтарын, тінту хаттамаларындағы қолтаңбалардың болмауын, соттың алдында сараптамамен танысу кезінде адвокаттардың жұмысына кедергі келтіру секілді тағы да басқа жайттарды түртіп алдым. Судья осы барлық фактілерге объективті құқықтық баға береді және үкім шығарған кезде ескереді деп үміттенеміз.

- «Жер митингілері» туралы болжамыңыз қандай?

- Өкінішке орай, біздің тәжірибені ескерсек, оң болжам жасай алмаймыз.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

22 қараша 2016, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.