Атырау, 20 сәуір 15:40
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сан қырлы таланттар

2 881 просмотра

Атырауда күзгі каникул кезінде ІІІ республикалық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль байқауы өтті.

Шығармашылық байқау «Аспаптық музыка» (халық аспаптары, классикалық аспаптар, жеке орындаушылар, ансамбльдер), «Вокал» (эстрадалық вокал, академиялық вокал, халық әні, жеке орындаушылар, вокалдық ансамбльдер, хор), «Хореография», «Мәнерлеп оқу» және «Театральдық қойылым» номинациялары бойынша өткізілді. 10 жасқа дейінгі жас таланттар ең кіші топтарға кірді, ал «Ересектер» санаты 25 жасқа дейін шектелді.

«Хореография» номинациясы бойынша басты Гран-при жүлдесін хореограф Венера МАНАСОВА жетекшілік ететін «Фламинго» ұжымының кіші тобы (Атырау), 1-орынды атыраулық «Арабеск» ансамблі алды. Орта топ бойынша «Фламинго» мен «Арабеск» топтары 1-орынды бөліп алды. Жоғарғы жас тобында Гран-при Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының оқушысы Альбина ҒАБИТОВАНЫҢ еншісіне бұйырды. Ол байқауға өз педагогы Талғат ҒАТАУОВТЫҢ жетекшілігімен дайындалған болатын. 1-орынды Батыс Қазақстан облысының балалар музыка мектебінің оқушысы Аида ӘДІЛОВА алды.

«Аспаптық музыка» номинациясында жоғарғы топта Гран приді Атырау қаласындағы Мәкәлім Қойшыбаев атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Тұрлыхан АҚҚАЛИЕВ иеленді. Ол Қожамұрат МҰҢАТОВТЫҢ жетекшілігімен әзірленген. Маңғыстау облысының өкілі Жаңыл КАЩИЕВА 1-орын алды. Халық аспаптарында ойнайтын музыканттар арасынан 1-орынды Атырау облысы Исатай ауданынан Гүлзира ҚАЖЫҒАЛИЕВА жетекшілік ететін балалар фольклорлық ансамблі алды. «Хор» номинациясы бойынша 1-орынды Махамбет ауданынан Эльмира ҚАЙРОШЕВА жетекшілік ететін «Айналайын» хор ұжымы иеленді. Төменгі топта Атырау қаласының Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Әділхан БИМАН (жетекшісі Ұмсын ИСТАЕВА) мен Құрманғазы ауданының балалар өнер мектебінің оқушысы Әнел НҰРПЕЙІСОВА (жетекшісі Бақытгүл ОРАЗОВА) домбыра құлағында ойнайтын үздік деп танылды. Жоғарғы топ бойынша Д.Нұрпейісова атындағы Халық музыка академиясының студенті Гүлдана СЕГІЗБАЕВА домбыра-примада үздік ойнаушы атанды. Оны Гүлфара ӨРБІСІНОВА дайындады.

Қобызшылар арасында орта топта бірінші орынды Сара ҚАБИЕВАНЫҢ жетекшілігімен Атырау балалар музыка мектебінің оқушысы Нарғыз ҒАЛЫМЖАНОВА иеленді. «Баян» санатында жоғарғы топта 1-орын Кіші Өнер академиясының оқушысы Ұлағат ТӨРЕМҰРАТОВҚА (жетекшісі Ерболат КАМАЛИДЕНОВ), «Фортепьяно» санатында 1-орын Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Альбина КӨШҚАЛИЕВАҒА (жетекшісі Елена ВОЙТОВА) бұйырды. «Халық әні» санатында Д.Нұрпейісова атындағы халық музыка академиясының студенті Алида ХУАНОВАҒА (педагог Самал ӨМІРЗАҚОВА) тиді.

Кіші жас санатында «Вокал» номинациясы бойынша Гран-приді Шынаргүл ТЕМІРБОЛАТОВАНЫҢ жетекшілігімен Қарлығаш АМАНЖОЛОВА алды, 1-орынды индерлік Әдия ҒАЗИЗ бен мақаттық Қайырбек ӘКІМГЕРЕЙ бөлісті. Орта топта Құлсары қаласындағы музыка мектебінің оқушысы Бейбіт БАЛҒЫМБАЕВ (жетекшісі Ерғанат ЖҰМАҒАЛИЕВ) ерекшеленді. Жоғарғы топта 1-орынды АМУ студенті Данагүл ЗҰЛХАНОВА иеленді. Ол бұл байқауға Элла КУРТИЕВАНЫҢ жетекшілігімен дайындалған болатын.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
10 қараша 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.