Атырау, 25 сәуір 19:13
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бағдаршамдар тапшылығы

2 527 просмотра

– Біріншіден, Атырау-Доссор трассасынан Мұнайшы ықшамауданына бұрылу қауіпті. Әкімшілік полиция басқармасы өткен жылы осы жерде бағдаршам орнатуға уәде берген еді. Ол қашан орнатылады?

Екіншіден, жүргізушілердің көпшілігі Амандосов көшесінің бойымен Привокзальный және Алмагүл ықшамаудандарынан Махамбет көшесіне шығады. Бірақ, бұл жерде қолданылмайтын теміржол өткелінің салдарынан үнемі кептеліс түзіледі. Неліктен теміржол төсемін бұзып, көлік ағымын көбейтпеске?

Үшіншіден, Уәлиханов пен Махамбет көшелерінің қиылысында төрт бағдаршамның екеуі ғана жанып тұр. Оларды қашан жөндейді?

Бағытжан Есенбаев

Сұраққа облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Руслан ӘДІЛОВ жауап берді:

- Атырау-Доссор көлік жолынан Мұнайшы ықшамауданына бұрылатын жерге бағдаршам нысанын орнату жоспарда жоқ екенін хабарлаймыз.

Әкімшілік полиция басқармасы тарапынан жергілікті атқарушы органдарға Атырау-Доссор көлік жолының Контейнерный көшесімен қиылысына (ол Мұнайшы ықшамауданына бұрылатын жерден жүз метр қашықтықта орналасқан) бағдаршам нысанын орнату туралы ұсыныспен хат жолдады.

Қазіргі кезде бұл мәселе қалалық әкімдіктің қарауында жатыр.

Екіншіден, Амандосов көшесінің бойындағы теміржол өткелі қазіргі уақытта қолданылмайды, соған байланысты ол жердегі, сонымен қатар, СМП-136 ықшамауданы Сырым Датов көшесіндегі теміржол тармақтарындағы жол белгілерін бұзып алып тастау туралы ұйғарым беріліп, ол бүгінгі күні алынып тасталды.

Үшіншіден, Махамбет-Уәлиханов қиылысында орналасқан бағдаршам нысанының бағдаршам бағанасы су құбырындағы апатқа байланысты уақытша бөлшектелді. Қазіргі кезде бөлшектелген бағдаршам бағанасын қалпына келтіруге ұйғарым берілді.

10 қараша 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.