Атырау, 19 сәуір 23:14
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Павлодарда көшедегі бақылау камерасына түсіп қалған педофил 21 жылға сотталды

2 458 просмотра

Павлодарда видеобақылау камерасына түсіп қалған педофилге қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

"Сот Павлодардың 53 жастағы тұрғынын айыпты деп таныды. Ол 14 жасқа толмаған жеткіншекке қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған. Ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер. Ол жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейді.

Еске салаыйқ, павлодарлық биыл маусым айында педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталған болатын. Ер адамның баланы үйдің кіреберісіне күштеп кіргізіп жатқаны видеобақылау камерасына түсіп қалған болатын. Кадрларда баланың айғайлап, зорлықшыдан қашпақ болғаны бейнеленген.

Ал осыған дейін полицейлердің видеобақылау камерасындағы жазбаларды алып, скриншоттар арқылы күдіктінің бағыттамасын жасағаны хабарланған еді. Ер адам қалалық зираттың маңында ұсталған. Кейін оның жерлеу қызметі бюросында жұмыс істегені анықталды.

Павлодарлық баланы тұрғын үйдің кіреберісіне сүйреп кіргізгені, кейін шешініп тастап, балаға зорлық әрекеттерін жасағаны белгілі болды. Бұған дейін де ер адам түрлі қылмыс бойынша сотты болған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

9 қараша 2016, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.