Атырау, 28 наурыз 15:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Жер митингілері» туралы іс: қашықтан «дисфункционалдық» дауласу және залдан «әсерлі» түрде кету

5 655 просмотра

Макс БОҚАЕВ

Атырауда азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты резонансты сот процесі жалғасуда. Дүйсенбі, 7 қарашадан бастап куәгерлер ретінде (қашықтан, бейнебайланыс арқылы Алматы қалалық сотынан) Алматы мен Астана қалаларындағы Сот сараптама орталығының мамандарынан, соның ішінде психология, филология, саясаттану жөніндегі сарапшылардан жауап алынды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында оларға әлеуметтік желілердегі сотталушылардың жеке парақшасында жарияланған посттарды зерттеп, кәсіби қорытынды беру тапсырылған еді (барлығы 30 сот сараптамасы жүргізілді).

Бибігүл ЖҰМАШЕВА

Мамандардың қорытынды есептерімен жете танысқан адвокаттар Боқаев пен Аяновтың жазба мәтіндерінің «жағымсыз және арандатушылық» астары деген не екенін анықтауға тырысты.

8 қарашада өткен отырыс кезіндегі қиын кез осы сәт болды. Қорғаушылардан бөлек, бүгін сотталушылардың өздері де сұрақтар жаудырды. Психолог Бибігүл ЖҰМАШЕВАДАН жауап алу кезінде Боқаев одан сараптама қорытындысында айтылған «дисфункционалдық әсер» деген түсінікке анықтама беруді өтінді. Жарытымды жауап ала алмаған сотталушы сұрақты басқаша қойды:

- Сіз талдау жасалып отырған материалдардың функционалдық қана емес, дисфункционалдық әсер беруі мүмкін екенін айтасыз. Алайда мен функционалдық және дисфункционалдық әсердің ара салмағы қандай екенін көре алмадым, жауап беріңізші.

Жұмашева:

- Мәртебелім, бұл нақты сұрақ емес.

Боқаев:

- Нақтылайын: ұсынылған материалдарда қайсысы: функционалдық әсер ме, әлде дисфункционалдық әсер басым ба?

Жұмашева:

- Бұл сарапшының құзыретіне кірмейді. Әдістемелерде пайыздық ара салмақ қарастырылмаған.

Боқаев тағы да бір-екі рет сарапшыға дисфункционалдық әсер туралы сұрақ қоюға, сонымен қатар, оның қандай топтағы адамдарға әсер еткенін айқындауға тырысты.

Судья Гүлнәр ДӘУЛЕШОВА дауысын көтеріп, бұл сұрақты енді қоймауды өтінді, бірақ сотталушы төрағалық етушінің шыдамы таусылғанын байқамағандай, өзінің сарапшыға сұрақ қоюға деген конституциялық құқығы бар екенін айтумен болды. Нәтижесінде Гүлнәр Дәулешова сотты құрметтемегені үшін Боқаевты залдан шығарып жіберуге бұйрық берді.

Бұл отырысқа танымал қазақстандық құқыққорғаушылар Евгений ЖОВТИС пен Зәуреш БАТТАЛОВА қатысты. Бақылаушы ретінде Қазақстандағы Канада елшілігінің бірінші хатшысы Джуд ПЕКОРА да қатысты.

Сот отырысы таңертең 9.00-де жалғасады.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор
9 қараша 2016, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.