Атырау, 29 наурыз 04:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Су ресурстары тиімді пайдаланылып отырған жоқ

4 993 просмотра

Су ресурстарын мақсаттық пайдалану және облысты ауыз сумен қамтамасыз ету - облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген кеңестің тақырыбына айналды.

Қомақты ақшалар бөлінеді, алайда әлі күнге дейін, мәселен, Қызылқоға ауданының Миялы ауылында жергілікті тұрғындар су тұзды болғандықтан су іше алмайтындықтарына шағымданады. Қаржысы барлар бөтелкедегі суды сатып алады, бірақ бұған барлығының жағдайы жете бермейді. Танымал гидреогеолог Едіге САБУРОВТЫҢ пікірінше, суды минералдау – су тазарту станциясындағы су көтеру технологиясының бұзылу нәтижесі.

Аудан басшылығы бұдан ерекше проблема көріп отырған жоқ: аудан әкімі Мақсот МҰҚАНОВТЫҢ айтуынша, минералдаудың рұқсат етілген нормасы - 1 литр суға 7 млг дейін тұз салуға болады, ал оларда көрсеткіш 5,5 млг.

Бір жерлерде адамдарға ауыз су жетіспейді, алайда облыстың далаларында күн сайын түрлі жылдары мұнайшылардан қалған 200-дей ұңғымадан 55-57 мың тоннаға дейін су төгіліп жатыр. Бұл сулар аз минералданған, оны ауыз су стандартына дейін тұщыту оңай. Бұл тақырыпты Едіге Сабуров тағы да қозғады.

Бұл өте ысырапшылдық. Атырау облысында өздігінен төгіліп жатқан 180 ұңғыма бар. Оның 53-ін тұрғындардың өтінішімен реттейтін ысырмасымен қалдырды, бірақ бүгінде олар жұмыс жасамай тұр. Мен премьер-министрдің атына хат жаздым, селекторлық кеңесте айттым, біз осы мәселемен айналысуға тиіспіз. Атырау облысының су ресурстары жоқ, ал өздігінен ағатын гидрологиялық ұңғымалар орны толмас шығындар мен зиян әкеледі. Мен сіздерді өз құзыреттеріңіздің аясында осы мәселені шешуге атсалысуды өтінемін, - деді облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ арнайы табиғат қорғау прокуроры Владимир МАЛАХОВҚА қарата. Әкім жауапты тұлғаларға ұңғыманың кімнің балансында екенін, оның жұмысын кім бақылауы тиіс екенін түсіндіруді тапсырды.

Өз тарапынан В.Малахов соңғы үш жылда су ресурстарын қорғау және реттеу инспекциясы заңсыз әрекеті үшін бар болғаны бір су пайдаланушыға айыппұл салғанын, онда да прокуратураның ұсынысымен жасалғанын хабарлады.

Жауап ретінде инспекция өкілі прокуратураға осы мәселеде бірлесіп тығыз әрекет етуді сенімсіздеу түрде ұсынды.

«Атырау Су Арнасы» КМК-ның басшысы Андрей ТАШЛЫКОВ бақылаушы органдардың нашар жұмысынан тағы бір мысал келтірді:

Гидропосттарға келсек – олар бақылау жасап, өзен суын ластанған кезде уақытында бізге хабарлауы тиіс қой. Өткен жылы, естеріңізде ме, Жайықтың суы жасыл түске боялып, қаншама шу көтерілді. Егер бізге ертерек, бір тәулік бұрын ескертсе, біз алдын ала көгерген суды зарарсыздандыру шараларын алар едік. Су түсін өзгертті, оның сапасы өзгерген жоқ, бірақ иісі болды.

Ауылдардағы сумен қамту проблемалары туралы Атырау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат ӨТЕШЕВ егжей-тегжей әңгімелеп берді. Оның пікірінше, ірі табиғат пайдаланушылар теңіздегі жобаларды жүзеге асыру кезінде экологиялық нормаларды өздері мәлімдейтіндей қатаң сақтай бермейді.

Су ресурстары, су қоймаларының флорасы мен фаунасы үшін жауап беретін мекемелерге де қойылар сұрақтар баршылық. Су сапасының төмен болуы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина КАМЕЛОВАНЫҢ пікірінше, тұрғындарда көптеген сырқаттардың пайда болуына әкеледі. Дәрігерлер кішкентай балаларда бүйрек, несеп жолдарының сырқаты бар екенін анықтаса таң қалмайтын болған.

Сенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ Жем (Ембі) өзенінде су қоймасын салу керектігі туралы мәлімдеді. Жылыой ауданының елді мекенін сумен қамту үшін Аралтөбе шатқалынан су қоймасын салу туралы мәселе кеңес дәуірінде әлденеше рет көтерілген болатын. Өткен ғасырдың ортасында тіпті құрылысы басталды, Аралтөбеге тұрғын үйлер, өндірістік базаны, жолдарды, электр желілері салынды. Бірақ содан кейін жобаны қаржыландыру тоқтатылды. Ал, сенатордың пікірінше, бұл жобаның ауданды сумен қамту үшін маңызы зор. Мұны жиналысқа қатысқан мамандар да мақұлдады.

Н. Ноғаев тиісті қызметтерге ұсыныстар әзірлеу туралы аудан әкімдеріне тапсырма берді. Бұл жұмыстардың нәтижесі бірнеше айдан кейін, келесі кеңесте белгілі болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қараша 2016, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.