Атырау, 29 наурыз 17:13
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Келесі жылдан бастап Қазақстан мен Жапония шенеуніктері визасыз жүреді

2 634 просмотра

Фото: primeminister.kzҚР Сыртқы істер министрлігінде келесі жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан мен Жапонияның дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы вербалды нотамен алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Екі елдің лауазымды тұлғаларының визасыз сапарлары Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси байланыстың одан әрі нығаюына және сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыруға септігін тигізеді.

«Бүгін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапарымен бір уақытта, біз 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі елдің дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы вербалды нотамен алмастық. Бұдан өзге, Мемлекет басшысының қазақстандық дипломатияның экономикалық бағытын нығайту туралы тапсырмасы бойынша келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Жапонияның ұлттық төлқұжаты бар азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімде визасыз режим орнатылады. Бұл екі елдің инвестициялар, жаңа технологиялар және туризм саласындағы бизнес құрылымдары арасындағы іскерлік байланыстың қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді», - деді ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев.

Оның айтуынша, вербалды ноталармен алмасу Қазақстанның барлық азаматы үшін визасыз режимді жеңілдету жолындағы алғашқы қадам болып табылады.

Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Ясумаса Идзима бүгінгі оқиға екі елдің саясат, экономика салалары мен екі ел азаматтарының сапары аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізетінін айтты.

«Біз Қазақстанның барлық азаматы үшін визалық режимді одан әрі жеңілдетуге тырысамыз», - деді жапон дипломаты.

Дереккөз: Рrimeminister.kz

7 қараша 2016, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.