Атырау, 29 наурыз 12:19
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Індет тоқтады, енді өтемақы төлеу қалды

2 546 просмотра

Жергілікті биліктің пікірінше, Құрманғазы және Исатай аудандарында ірі қара малдың арасында нодулярлы дерматит індетінің таралуы тоқтаған.

- Аудан бойынша 5 597 мал індетке шалдығып, оның 906-сы өліп, қалғандары сауыққан, - дейді Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВ.Соңғы он күннен бері ауру мал тіркелген жоқ. Біз жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға орай аурудың беті қайтқан болар деп есептеп отырмыз.

Ал Исатай ауданы ветеринария бөлімінің басшысы Мәлімқожа ЖАҒЫПРАОВТЫҢ айтуынша, ауданда 1 224 ірі қара мал ауруға ұшыраған, 100-і өліп, 1 001-і сауыққан, ал 23-і емделуде екен. Және ауруға ұшыраған малдар бес күн болды, тіркелмеген.

Біз бұрын хабарлағандай, өлген малдың иелеріне облыстық бюджеттен өтемақы ретінде 120 млн теңге бөлінген еді. Ақша жергілікті әкімдіктің есепшоттарына әлі түскен жоқ, бірақ, аудандағы шенеуніктер барлық құжаттар дайын деп сендіріп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қараша 2016, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.