Атырау, 19 сәуір 16:35
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Стамбулда білім саласындағы қуғынға наразылық танытты

1 412 просмотра

Стамбулда 3 қарашада жүздеген адам Түркияда мемлекеттік бүліктен соң білім беру саласындағы қызметкерлерге басталған қысым мен қуғынға қарсылық акциясын өткізді. Профессорлар, студенттер мен өзге де кәсіподақтардың мүшелері Стамбул университетінің алдында "Фашизмге қарсы бірге иық тірестіреміз" деп ұрандады,- деп хабарлады Азаттық.

Анкара шілдедегі іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін АҚШ-та тұрып жатқан дін қайраткері Фетхулла Гүленнен көреді. Бүліктен соң профессорлар, оқытушылар, судьялар, прокурорлар мен әскери қызметкерлері бар - барлығы 100 мыңнан астам адам жұмыстан шығарылды. Олардың барлығы Гүленмен байланысы бар деген күдікке ілінген.

Қазір Түркияда 37 мыңға тарта адам қамауда сот процесін күтіп отыр. 3 қарашада ішкі істер министрлігі 1200-ден астам жандармның қызметтен шеттетілгенін хабарлаған.

Фетхулла Гүлен бүлікке қатысы барын жоққа шығарады.

Дереккөз: Аzattyq.org

4 қараша 2016, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.