Атырау, 20 сәуір 13:03
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Кемеңіз көпірді іліп кетпесін

4 350 просмотра

Аймақаралық «Каспий» көлік бақылау инспекциясында навигация қорытындылары бойынша кеңес болып өтті. Кемелерді пайдалану қауіпсіздігі, соның ішінде олардың қыс мезгілінде кемежайларға орналасу мәселелері қаралды.

Баяндамадан үзінді келтірелік: жазда облыстың су қоймаларында жыл сайын серуен гидроциклдары мен моторлы қайықтардың салдарынан алынатын зақымның алдын алуға бағытталған «Скутер» профилактикалық акциясы жүргізіледі. Кеме жүргізу бойынша 36 ереже бұзушылықтар анықталып, 246 мың теңгеге айыппұл салынды.

«Қауіпсіз паром» акциясының барысында Махамбет селосында «Махамбет» КМК-на тиесілі «Қиғаш-2» теплоходы мен паромын тексеру кезінде олардың жүзу жарамдылығына тексеру жүргізілместен пайдаланылғандығы анықталды.

Атырау қаласындағы жаяу жүргінші көпірі мен бес автомобиль көпірін тексеру кезінде аралық биіктігінің белгілері мен кеме өтуге арналған осьтің көрсеткіші болмаған, шамдарды жаңарту керектігі анықталған. Демек, егер жер үстіндегі көлік үшін біздің көпірлері-міз азды-көпті қауіпсіз болса, су көлігі үшін қауіпті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВҚА заң бұзушылықтарды жою талабы қойылған ұйғарым жолданды.

Биылғы жылы кеме жүзу кезіндегі заң бұзушылықтарға қатысты «Каспий» АКБИ су көлігін бақылау бөлімінің қызметкерлері барлығы 162 әкімшілік іс қозғап, 1 млн. 28 мың теңгеге айыппұл салды. Шағын кемелерге арналған айыппұл тұрағы жоқ болғандықтан, алынған моторлы қайықтарды сақтайтын жер жоқ. Қайықтарды сақтау үшін айыппұл тұрақтарын салу қажеттігі туралы жазылған хаттар нәтиже бермеді. Алайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 4-бөлімінің 630-бабы бойынша ұсталған шағын кемелерді сақтау «жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша құрылған арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады» делінген.

Облыстық әкімдіктің 2008 жылғы 13 наурыздағы аспалы қайық моторларының қуатын шектейтін «Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің экологиялық дәлізі мен қорықтық аймағын су көлігін пайдаланудың реттелетін режимі-мен белгілеу туралы» қаулысы іс жүзінде орындалмайды. Талдау жұмыстары қайық моторлары қуатының сәйкес келмеуі кеме қожайындарының тарапынан жасалған барлық заң бұзушылықтардың 60 пайыз шамасын құрайтындығын көрсетіп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.