Атырау, 29 наурыз 16:58
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сізге сәлемдеме бар!

2 264 просмотра

Кедендік акциздер салынбайтын қандай салмақтағы жүкті Қазақстанға алыс шетелден поштамен жіберуге болады? Поштамен жіберілетін тауардың бір түрі қандай мөлшерде болуы мүмкін?

Мен шетелде тұрамын. Қазақстанға поштамен жолдаған сәлемдемелерімді кеден екі мәрте «тоқтатып» тастады. Менен инвойстар сұратады. Мен оларға түсініктеме жазамын. Акциз немесе басқа төлемдер төлемес үшін адамның шетелден пошта арқылы жөнелтілімдерді қаншалықты жиі ала алатынын айтып берсеңіздер екен.

Сұраққа Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Жәнібек НҰРЖАНОВ жауап берді:

– Жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға

байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін негізге ала отырып, 2010 жылдың 18 маусымындағы Келісіммен (әрі қарай Келісім) реттелген.

Келісімнің 8-бабы 3-тармағының негізінде, кез келген тәсілмен, соның ішінде, пошталық жөнелтіліммен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) саны мұндай тауарларды кедендік төлемдерді төлеуден босата отырып өткізудің нормаларынан асатын уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар декларациялауға жатады.

Келісімнің 3-қосымшасы 3-бөлімінің 16-тармағына (Кеден төлемдерінен босатыла отырып кеден шекарасы арқылы

өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар) сәйкес, Кеден одағының кеден аумағындағы жеке тұлға болып табылатын бір алушының мекенжайына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен күнтізбелік ай ішінде жіберілетін, бөлінбейтін тауарларды қоспағанда, кедендік құны 1000 еуро баламалы сомадан аспайтын және салмағы 31 келіден аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарлар кеден төлемдерінен босатылады.

3 қараша 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.