Атырау, 19 сәуір 12:15
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сарапшы: Қазақстандықтар бір-екі жылдан соң жылжымайтын мүлікті сақтандыру үшін ақы төлейтін болады

2 824 просмотра

Қазақстан азаматтары 2-3 жылдан кейін, елдегі экономикалық жағдай тұрақтанғаннан кейін, жылжымайтын мүлікті сақтандыру үшін ақы төлейтін болады. Бұл пікірді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне «Сәлем» сақтандыру компаниясы басқармасының мүшесі - басқарушы директоры Шыңғыс Әміржанов білдірді.

«Бұл мәселе (табиғи сипаттағы апаттардан жылжымайтын мүлікті сақтандыру бойынша заң енгізу) белгісіз мерзімге қалдырылды. Меніңше, заң 2-3 жылдан кейін елдегі экономикалық жағдай тұрақтағаннан кейін енгізілуі мүмкін», - деді Шыңғыс Әміржанов.

Оның айтуынша, төлемдер мерзімдері айқындалатын тиісті заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап жылжымайтын мүлік иелеріне ғана міндетті болады.

«Алматыда 1 пәтерге сақтандыру сыйақысының ең төменгі сомасы 5000 теңгеден аспайды деп болжап отырмыз. Баға пәтердің орнасқан орны, өңірі, құрылыс сипатына қарай ауытқып отырады. Бұл норманы енгізу адамдарды апатты жағдайларда жылжымайтын мүлкі қираған жағдайда қорғауды, материалдық өтемақыны қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттен өтемақы төлеуді талап етпейтін болады», - деп атап өтті сақтандырушы. Ол бұл заңды енгізу меншігінде жылжымайтын мүлігі бар барлық адамдарға қатысты екенін айтып өтті.

Дереккөз: Іnform.kz

1 қараша 2016, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.