Атырау, 20 сәуір 14:56
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Депутаттар да бізді кімнің улап жатқанын білгісі келеді

3 698 просмотра

Image 028 қазанда облыстық мәслихаттың кезекті 7-сессиясы өтті. Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ отырысқа қатыспады (баспасөз қызметі «ол бос болмады» деп хабарлады), орнына президиумда оның әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Әлібек НӘУТИЕВ отырды. Атап өту керек, депутаттар әдеттегіге қарағанда анағұрлым белсенді болды.

ЖЕТІ МЕТР БОЛМАЙДЫ

Облыс бюджетіндегі өзгерістер туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша ӘБЕЖАН баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың 1 қазандағы ахуал бойынша жергілікті бюджетке жоспарланған 113 млрд теңгенің орнына 133 млрд теңге түскен.

Н. Әбежан ағымдағы жылы игерілетін жобаларға тоқталды:

– 2016 жылы аудандарда ашылмаған балабақшалар есебінен бір жарым миллиардтай теңге үнемделді, сонымен қатар, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету кейінге қалдырылғандықтан қаржылар бос қалды, Мақат пен Қызылқоға аудандарының арасындағы шекараларды өзгертуді жобалау жұмыстары жасалмады, шегіртке болмағандықтан ауылшаруашылығы зиянкестерімен күресуге бөлінген ақшалар қозғалыссыз қалды, Атырау қаласын кешенді дамыту жоспары мен елді мекендерді салудың бас жоспарын қалыптастыру бағдарламасы бойынша қаржылар үнемделді.

Келесі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін 2016 жылдан 2017 жылға ауыстыру ұсынысы түсті: Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылындағы мектептің 4-блогын қайта жарақтау, Жантерек ауылындағы 60 орындық мектеп пен Құрманғазы ауданының Приморье ауылындағы 300 орындық мектеп салу, Атырау қаласы Тасқала ауылынан дәрігерлік амбулатория салу, Махамбет ауылында Жайық арқылы көпір салу үшін қосалқы нысандарды жобалау.

Босаған ақшаларды биыл облыс әкімі аппаратының шығындарына; облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскерге шақырту пунктін шаруашылық мүліктерімен және медициналық куәландыру жабдықтарымен қамтамасыз ету 3,5 млн теңге; «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша білім беру, энергетика және ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармаларына 53,4 млн теңгені пайдалану ұсынылды. Сонымен қатар, білім беру басқармасына білім беру мекемелерін бейнекамералармен қамтамасыз етуге 48,5 млн теңге; білім берудің 28 ведомостволық нысандарының ағымдық шығындарына 127,9 млн теңге; денсаулық сақтау басқармасына азаматтарды елді мекендерден тысқары емдеуге тегін және жеңілдік жолақысымен қамтамасыз етуге 10,4 млн тенге; дене шынықтыру және спорт басқармасына қысқы универсиада алауын тасымалдау эстафетін 2017 жылға ауыстыру бойынша 19,9 млн теңге; «Бейбарыс» хоккей командасына 440,1 млн теңге; «Атырау-Ақпарат» ЖШС материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін ішкі саясат басқармасына 337,7 млн теңге бөлу ұсынылды.

Депутат Әділ ЖҰБАНОВсұрақ қойды:

Неліктен Атырау қаласында ені алты метр жолдар салынуда? Тендерде мердігерлер бір метрге кең жолдар салуға тапсырма алады деп еді ғой.

Сұраққа облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ жауап берді:

– Құрылыс нормалары мен ережелері бойынша ені алты метр жолға рұқсат етіледі. Біз көше тар болғандықтан осылай саламыз, өйткені жолдар тұрғын үйлерге тіреліп тұр. Қалада осындай көшелер көп. Жобалаушылар жеті метрге дейін көбейтуді ұсынды, алайда аумақ болмағандықтан біз алты метрге тоқталдық.

КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ ІНДЕТІ ТУРАЛЫ

Осыдан кейін неліктен инвестициялық жобаларды келер жылға ауыстыруға тура келгендігі жөнінде дебаттар басталды. Ә.Нәутиев тақырыпты жауып тастауға тырысып, ахуалдың бақылауға алынғанын мәлімдеді. Апта сайынғы кеңесте облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА Ноғаевтың алдында барлық жобалар бойынша есеп береді екен. Алайда облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат ӨТЕШЕВ сөз алды:

– Кеңес отырысы алдында біз осы мәселені қарастырдық. 36 жоба 2017 жылға ауыстырылған 2015 жылдан 2016 жылға ауыстырылған жобалар бар, олар енді тағы да кейінге қалдырылуда. Бұл жоба әкімшілерінің, негізінен облыстық құрылыс, энергетика және ТКШ басқармаларының жауапсыздығы салдарынан орын алып отыр. Басқа басқармалардың басшылары бұл жобаларға қызығушылық білдірмейді, алайда нысандар солар үшін салынуда. Сұраныс екі басқармадан болып отыр, тиісінше, бүкіл кемшіліктер тек соларда ғана көрінеді. Сметалық құжаттар уақытында дайын болмайды, соның салдарынан қаржыландыру кешеуілдейді. Мердігерлер ауысып отыр, бірақ басқалардың кемшіліктерін түзетуге асықпайды. Облыстық басқармалардың басшылары егер олар 9 айдың ішінде ақшаларды игермесе, онда жобаларды игеру кейінге қалдырылатындығына әдеттенген. Сылбырлықтары үшін жауапкершілік алсын!

Депутат Оразғали ҚАРШЕГЕНОВ:

Кейбір тендерді өз материалдық базасы жоқ фирмалар ұтып алады. Содан кейін олар қосалқы мердігерлер іздейді. Сіз атаған басқармалар қызмет жеткізушілерде материалдық базаның болуын тексеруге тиіс.

Image 1

Депутаттар мінберге облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алмагүл БАЙМАҒАМБЕТОВАНЫ (суретте) шақырды:

Биылғы жылдың шілдесінде бізге Қаржы министрлігінде мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережесіне өзгерістер енгізетіндігін айтқан кезде, біз ықтимал жеткізушілерден өз материалдық-техникалық базаларының болуын тексеру туралы ұсыныс жолдадық. Үш күн бұрын министрліктен жаңа ережелер жіберді, онда ықтимал жеткізушіде өз техникасы болуға міндетті екендігі көрсетілген. Бұл жеткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарының бастысы болмақ. Біз «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң мен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережесін ұстанамыз. Онда ықтимал жеткізушілердің еңбек және материалдық ресурстары болуы тиіс деп айқын айтылған. Біліктілік туралы мәліметтерде жеткізушілер техниканың өздерінікі екені немесе жалға алынғандығы туралы ақпарат ұсынады. Егер техника жалға алынса, онда құжаттарға жалға алу құжаты мен техниканың жарамды екендігін білу үшін техникалық төлқұжаты тіркеледі. Заңда техниканың өз меншігі болу керектігін қарастырмайды.

О. Қаршегенов:

Бұл біздің жобаларымыз және біздің ақшаларымыз. Патриотизм болуы тиіс...

А. Баймағамбетова:

– Мен бәрін де түсінемін. Мемлекеттік сатып алулар туралы ереженің 134-бабына сәйкес, мемлекеттік органның заңды және жеке тұлғаларға белгілі бір жеткізуші техниканы жалға алған ба, әлде оның өзінде бар ма деген сауалдар жолдауға құқығы бар. Біз осындай сауалдар жолдаймыз. Техника жалға берілмеді деген жауаптар келетін жағдайлар кездеседі. Егер осындай жағдай орын алса, онда аталмыш ықтимал жеткізуші дұрыс ақпарат бермеуіне байланысты конкурсқа жберілмейді. Нысанға тапсырыс беруші конкурс құжаттарына техникалық ерекшелікті қосады. Онда ықтимал жеткізуші ие болуы тиіс техника мен механизмдер көрсетілген ресурстық смета болады.

ЭКОЛОГИЯ: ТЕХНИКА БАСҚА ЖӘНЕ МАМАНДАР ДА ЖОҚ

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының директоры Сәбит РЗИЕВ сөйлеген кезде облыс прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВ сөз алып, Атыраудағы шығарындылар көзін іздестіру жөнінде әңгімеледі:

2013 жылдан бері біз тұрғындар үшін өзекті проблемамен айналысып келеміз. Мойындау керек, бізде бұл салада мамандар жоқ. Біз кезінде Алматы мен Астанадан мамандар шақырдық. АМӨЗ-бен екі жыл соттастық: бір инстанцияда ұтып, басқасында жеңіліп қалдық, Жоғарғы сотқа дейінгі бардық. Біз бүгінде облыс әкімінің алдында осы мәселені көтердік. Қалада орнатылған экомониторингтік аппаратура заманауи талаптарға сай келмейді. Егер депутаттар қолдап, қаржы бөлінетін болса, бұл проблеманы шешу керек... Қолдан келе ме, Қапанов?

Атырау облыстық Экология департаментінің басшысы Қабижан ҚАПАНОВ:

Бізге қандай жабдықтар керектігі туралы тізімді облыс әкіміне ұсындық.

ИТТЕРДІ ҚАЛАЙ ӨЛТІРЕТІНДІГІН КӨРУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Содан соң қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ Атырау қаласында үй жануарларын ұстау ережесін бекіту туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, ереже тұрғындарды қауіпсіз ету үшін әзірленген. Бағдарламада жануарларды тіркеу, сатып алу, сату және қожайындарының жауапкершілігі жазылған.

Депутат Юрий КУСТАДИНЧЕВ:

– Үй жануарларын серуендетуге арнайы бөлінген жерлердің тізімімен қашан танысуға болады?

Шапкенов:

– Ереже қабылданғаннан кейін серуендетуге және мал жаюға арналған жерлер бөлінеді. Тізімі жарияланатын болады.

Депутаттар:

– Кеше тұрақты депутаттық комиссияда кейбір жауынгер тұқымды иттерге тыйым салу туралы мәселе қойылды...

Шапкенов:

– Біз ит өсірушілерге шектеу қоя алмаймыз. Иттің мыңдаған тұқымы бар, сондықтан оларды ережеге жазу мүмкін емес. Құстарға да қатысты солай.

Депутаттар:

Қаңғыбас иттерді ату тәртібі туралыадамдар «Ренко» қонақ үйінің жанында иттерді қалай атып жатқандығын көріпті. Қоғамдық орындарда атпағандарын немесе алдымен оларды ұстап, содан соң арнайы бөлінген жерде жансыздандырғанын қалар едік.

Шапкенов:

– Үй жануарларын ұстау және қаңғыбас иттерді аулау ережесіне сәйкес, оларды уланған инелермен атып өлтіреді. Биылғы жылы қаңғыбас иттерді атуды кеш қолға алды, тек тамызда кірісті. Бұл ит қауып алу санына әсерін тигізді. Өткен жылы ит қапқан 152 зардап шегуші болса, қазір 332 адам.

МАЛ ҚАЙДА ЖАЙЫЛАДЫ?

М. Өтешев:

– Қала маңындағы Атырау, Дамбы, Жұмыскер округтерінде мал жаятын жер жоқ. Бүкіл аумақ жеке меншікте, учаскелер қоршалған. Талғайраңнан 17-ші ауылға дейін бүкіл тоғай жеке меншік қолында. Бұл біздің ережеге қарама қайшы емес пе?

Шапкенов:

– Қалада 46 мыңгектар жайылымдық жер бар, оның 33 мыңы жеке меншік иелігінде немесе жалға берілген. Жұмыскер мен Балықшы округтерінде мүлдем жер қалмаған. Еркінқала мен Қайыршақты округтерінде әлі жер бар. Қазір біз ахуалға талдау жасап, ескерілмеген жайылымдарды анықтаудамыз. Егер шаруашылықтың кең аумақты ұстайтындай норматив бойынша жеткілікті мөлшерде малы болмаса, артығын кері алатын боламыз. Бүгінгі күні бірде бір жайылым анықталған жоқ, іздеп, анықтайтын боламыз. Алдымен мал жаю үшін жағдай жасаймыз, содан соң қаңғыбас жануарлармен күресеміз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

30 қазан 2016, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.