Атырау, 29 наурыз 00:39
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ақтөбе облысында төрт оқушы физика мұғалімін ұрып-соққан

2 089 просмотра

Ақтөбе облысыныда 11 сынып оқушылары физика пәнінен беретін жас мұғалімді ұрып-соққан, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Диапазон"-ға сілтеме жасап. Оқиға Арынов атындағы Қарғалы орта мектебінде болған.

Мектепте мұғалімге қол көтерген оқушылардың үлгерімі жақсы және ешқашан бұзықтығымен көзге түспегенін айтады. Басылымға куәгерлердің айтуынша, мұғалім мен жоғары сынып оқушылары арасында ерегіс өткен аптада болған. Осыдан кейін мұғалім қолы сынып, ауруханаға түскен.

ІІД-де басылымға полицияның бұл іс бойынша анықтау шараларын жүргізіп жатқандығын хабарлады.

"Оқиға түстен кейінгі уақытта, сабақтан соң болған. 11 сынып оқушылары бірінші ауысымда оқиды. Төрт оқушы болған. Ерегіс неден туғанын білмейміз, мұнымен полиция айналысуда. Жас маман мектепте екі ай ғана жұмыс істеді. Оқиғаға қатысты оқушылар бұзықтығы үшін есепте жоқ, барлығы жақсы оқиды. Мұндайға барғанына бізде таңғалып отырмыз. Мұғалім ауруханада жатыр, өзі жүреді, қолында гипс. Әзірге жұмысқа шыққан жоқ. Балалар сабаққа келіп жүр. Ата-аналарымен кездестік, балалар мұғалімнен кешірім сұрады, ол кешірім берген", - дейді оқиғаның мән-жайы туралы директордың орынбасары Бибінұр Кабатбергенова.

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 қазан 2016, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.