Атырау, 25 сәуір 21:10
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Техникалық тексеруден өтуі тиіс

2 199 просмотра

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізу және қайта жоспарлау саласында процедуралардың жеңілдетілгені туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда: егер бұрын ішкі қабырғаның қалыңдығын 5 сантиметрден қалың етіп қайта жоспарлау үшін өкілетті органның (сәулет, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының) келісімі қажет болса (онсыз техникалық тексеру жүргізу қызметі көрсетілмейтін), енді негізгі арақабырғаларды қайта жоспарлаған жағдайда ғана оны заңдастыру қажет болады. Осылайша, әкімшілік кедергілер мен қызмет алушылардың шығындары едәуір қысқартылған. Заңға бағынушы азамат ретінде, көпқабатты үйдегі өзімнің тұрғын пәтеріме қайта жоспарлау жүргізуді бастамас бұрын мен осы өзгерістің заңды күшіне енгеніне көз жеткізу үшін Атырау қалалық сәулет бөліміне жүгіндім. Ол жердегілер өздеріне ешқандай нұсқаудың түспегенін және ресімдеу процедурасының өзгеріссіз қалғанын ұқтырды. Яғни, бүкіл мақұлдау және құжаттарды ресімдеу процедурасынан өту керек, маман нысанға барып, сараптама жасау керек және т.б. Әрине, мұның бәрі ақылы түрде жүргізіледі. Қалыптасқан ахуалды түсіндіріп бере аласыздар ма: өкілетті органдардан келісім алмастан, пәтерге қайта жоспарлау жүргізуді бастауға бола ма, жоқ па? БАҚ-тар жазып жатқан өзгерістер заң күшіне енді ме? Біз бұл мәселенің салмақ түспейтін арақабырғаларды қайта жоспарлауға ғана қатысты екенін және әңгіменің негізгі (салмақ түсетін) арақабырға туралы еместігін жақсы түсініп отырмыз.

Андрей Арутюнян

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап берді:

– Пәтерді қайта жоспарлауға рұқсат құжаттары ҚР Ұлттық экономика министрінің «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығының 5-ші параграфына және ҚР Ұлттық экономика министрінің «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты» №257 бұйрығының 3-ші қосымшасына сәйкес беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға (не өкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініші бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) объектінің меншік иесінің (меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;

4) егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі;

5) өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің, меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);

6) сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар аудандардағы қолданыстағы құрылыстарда орналасқан үй-жайды реконструкциялау мүмкіндігі туралы техникалық зерттеу қорытындысының көшірмесі;

7) болжанған өзгерістер жоспарына сәйкес, эскиздер (эскиздік жобалар) қоса беріледі.

27 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.