Атырау, 20 сәуір 02:23
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Жер митингілері» туралы іс: Сотталушылар Төлешов пен басқа куәгерлердің сотқа келмегеніне наразылық білдірді

Сурет Бейнежазба
3 503 просмотра

20 қазанда азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ ісі бойынша сот отырысы залда сотталушылардың адвокаттарының жоқ болғандығына қатысты прокурорлардың наразылығымен басталды. Судья Гүлнар ДӘУЛЕШОВА: «Мен сіздердің наразылықтарыңызды түсінемін, алайда сотталушылар бірнеше минут бұрын ғана әкелінгендіктен, адвокаттардың олармен шектеусіз уақытқа құпия сөйлесуге толықтай құқылары бар» деп, мұның себебін түсіндірді. Осыған байланысты ол 15 минутқа үзіліс жариялады.

Процесс жалғасқан кезде сотталушы Талғат Аян отырысқа қатысудан бас тартты. Судья Макс Боқаевтан сот залында болуды қалайсың ба деп сұрады. Боқаев бұл мәселені өз адвокаттарымен талқылауды ұйғарды, сондықтан тағы да 15 минуттық үзіліс жарияланды.

Арнайы бөлмеде кеңескеннен кейін Макс Боқаев процессте қалды, алайда алдымен өтінішті оқып шығуға рұқсат беруді сұрады. Құжатты оқыған сотталушы судьяға соңғы күндері тергеу изоляторында өт қабындағы тас ауруының әлденеше рет ұстағанын хабарлады. Жолдың нашарлығы денсаулығымды төмендетіп отыр деді ол. Сонымен қатар, Боқаев куәгерлерден жауап алу кезіндегі өрескел заң бұзушылықтарды көрсетті. Атап айтқанда, сотқа Тоқтар ТӨЛЕШОВ пен басқа тұлғалардың келмеуін атады. «Процесс айқын айыптау тұрғысында өтіп жатыр. Кеше түстен кейін қарауылмен кездесу болған жоқ, сотқа келуге тиіс екенімді маған ешкім айтпады. Ал бүгін өз қорғаушымнан менің сотқа құрмет көрсетпегенімді естіп отырмын. Егер қамауда отырсам, қалай өзім келе аламын. Мен сот тергеуіне қатысудан бас тартамын», деп өз өтінішін түйіндеді сотталушы.

Осылайша, Атырау қалалық әкімдігі қызметкерлерінен жауап алу сотталушыларсыз басталды. Алғаш болып мінберге Полымбет ХАСАНОВ шақырылды. Әкім аппаратының басшысы биылғы жылдың 14 сәуірінде сол кездегі қала басшысы Нұрлыбек ОЖАЕВТЫҢ атына Боқаевтан және Аяновтан митинг өткізу туралы өтініш түскендігін әңгімеледі. Бірнеше күннен кейін екі белсендіні әкімдікке кездесуге шақырған. Мәселені талқылау үшін тек Аянов қана келген, оған Исатай мен Махамбет алаңында мұндай акциялар өткізуге тыйым салынғаны айтылған. Мемлекеттік қызметкердің айтуынша, Аяновқа мағлұмат берілген және ол бүкіл жауапкершілікті түсінген, алайда митингтің өтетіндігін сеніммен білдірген. Полымбет Хасановтан үш жарым сағаттай жауап алынды. Судья куәгерге аяушылық еткендей процеске қатысушылардан сұрақтарға қатысты тездетуді өтінді.

Екінші болып тек шындықты айтуға Атырау қалалық әкімдігі аппаратының бас маманы Самат ЕМБЕРГЕН ант берді. Ол Макс Боқаевтың 2007 жылдан бері түрлі бағыттағы митингтер өткізу туралы өтініштер беріп келе жатқанын айтты. Ол 14 сәуірге белгіленген өтінішті де еске алды. Куәгер Боқаев пен Аяновтың қалалық мәслихаттың шешімімен бейбіт митингтер өткізуге рұқсат етілген баламалы орындар туралы білгендерін растады. Алайда бұл жайттың даулы болуы Макс Боқаев пен Талғат Аянға бұл туралы тек ауызша ғана хабарлағандығы болып отыр. Келесі отырыс 21 қазанда таңертеңгі сағат 10-да өтетін болады.

Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

21 қазан 2016, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.